М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
zaijiki
zaijiki
11.09.2020 18:38 •  Қазақ тiлi

Я все отдала без спама а то бан:) «Қазақ тілі Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Өзіңді-өзің алдама,
Уақытты салма саудаға.
Жиырма төрт сағат берді
Балаға, кемпір-шалға да.
Өткізе бермей жай ғана,
Уақытты жарат пайдаңа.
Жиырма төрт сағат – тең уақыт
Берілген кедей-байға да.
Уақытты жарат пайдаңа,
Қолыңды босқа байлама.
Жиырма төрт сағат ─ сенде де,
Жиырма төрт сағат ─ байда да...
Уақытың, ақшаң, табысың,
Жұмсалар бәрі тән үшін.
Ішесің, жейсің, кетеді,
Барлығы қарын қамы үшін.
Ойлама бәрін білем деп,
Шалқып та тасып жүрем деп.
Уақытың – алтын қазынаң,
Жұмсауың керек үнемдеп.
Айбының асып тұрса да,
Байлығың тасып тұрса да,
Уақытың – ақшаң қолдағы,
Ақшаңды босқа жұмсама.
Жас болып мәңгі жүрмейсің,
Мәңгілік өмір сүрмейсің.
Үнемдеп жұмса уақытты,
Бітеді ол қашан білмейсің.
Минутты әрбір бағала,
Секундты әрбір сарала.
Уақытты қайда жұмсадың,
Есептеп, үйрет балаңа.
Уақыт-ай, уақыт, зырлайды,
Артына мойнын бұрмайды.
Кешіксең, бітті, ол сені,
Бір секунд күтіп тұрмайды.
Өмірін ойлап талайдың,
Тарихын зерттеп қараймын.
Бір күні босқа өтпепті,
Яссауи, Шоқан, Абайдың.
Өмірдің мәнін ұғып ал,
Білім ал, бәрін біліп ал.
Қадірін білген уақыттың,
Қазақтан шыққан ұлылар...
Неге біз осы, неге біз,
Ұмытып кете береміз?!
Денсаулық пенен уақыттың,
Қадірін білмей келеміз.

1. Өлеңнің идеясын анықтаңыз.
А) өмір құндылықтары
В) уақыттың қадірі
С) ұлы адамдарға еліктеу
D) мәңгілік өмір

2. Автордың ойын қорытындылаңыз. Уақыт ...
А) пайдалы
В) жай
С) жылдам
D) мәңгілік

3. Тыңдалым мәтінінде жиі кездесетін сан есімді сөзбен жазыңыз.


4. Ақпараттарды шын/өтірік/айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз.

1. Мәңгілік өмір сүруге болады. А) шын
2. Яссауи, Шоқан, Абай сияқты ұлылар уақытын босқа өткізбепті. В) айтылмаған
3. Уақыт – денсаулықты жақсарту үшін беріледі. С) өтірік

Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Болашақтағы климат
Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні
ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар.
Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2 005
жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда
Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған.
Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі
мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа
температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін.
Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт
континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде
еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат
ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400
шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына
әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда
климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша
табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан температураның
жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады. Қазақстанда температураның
жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір
тәуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды
табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.
Инна Колтаевская (186 сөз)

1. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз.
жаһандық -
көлемі -
жорамалы -
тапшылығы -

Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.
2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз.


3. «Болашақта экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи
аномалды құбылыстар пайда болады» деген автор пікірімен келісесіз бе? Ойыңызды
дәлелдеңіз.


4. Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз.
Мәтінде климат өзгеруінің қандай себептері көрсетілген?


Жазылым

«Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу - міндет» деген пікірмен келісесіз бе?
Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, 50 сөзден тұратын эссе жазыңыз.
Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді орынды қолданыңыз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
marina2770
marina2770
11.09.2020

сүйінбай аронұлы-ақын,айтыс   өнерінің   шебері.ол   алматы   облысы,жамбыл   ауданы,қарақыстақ   ауылында   дүниеге   келген.

менің   пірім-сүйінбай,

сөз   сөйлемен   сиынбай! -деп   жамбыл   оны   өзіне   ұстаз   тұтқан.сүйінбай   ақын   ешкімнен   тайсалмай шындықты   тіке   айтқан шыққан тегі ұлы жүз шапырашты тайпасының ішіндегі екей руы. шежіре дерегі бойынша арғы атасы күсеп дәулескер қобызшы болған. күсептен арон, одан сүйінбай туған. сүйінбайдан туған малыбай, бағыжан, жетібай есімді ң ұрпағы өсіп өнген..сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының ежелден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі. әсіресе, ел ішінің сөз өнерін әспеттеген ұлы дәстүріне жастайынан ерте ұштап, төңірегіне ерте танылады.бұл өлеңдері, ол бір жағынан елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып отырса, екінші жағынан айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді қарымын танытады.

4,6(1 оценок)
Ответ:
умник20072
умник20072
11.09.2020
33 минуты назад Мақал - мәтелдерМақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.
4,8(71 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ