М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
rar18
rar18
13.11.2021 14:13 •  Қазақ тiлi

У МЕНЯ ССОООЧ 1- Оқылым

Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Болашақтағы климат

Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні

ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар. Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005

жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін.

Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан температураның жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады.
Қазақстанда температураның жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір тәуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.

Инна Колтаевская

(186 сөз)

1. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз.

жаһандық -

көлемі -

жорамалы -

тапшылығы - [2]

Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
masha859689
masha859689
13.11.2021

Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 2.2.1940, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ды (1962), осы университеттің аспирантурасын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» ба Жалын» альманағында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер институтында, ҚазПИ-да аға ғылым қызметкер, доцент, «Жазушы» ба бас редактор қызметтерін атқарған. 1988 жылдан «Жұлдыз» журналының бас редакторы. «Кешқұрым» атты тұңғыш әңгімесі «Жұлдыз» журналында жарияланды (1964). Соғыстан кейінгі ел өмірі бейнеленген

«Ақша қар» (1969);

«Бір атаның балалары» (1973);

«Қияндағы қыстау» (1977);

«Көк кептер» (1979) әңгіме, повестер жинақтары мен;

«Көк мұнар» (1971);

«Шақан шері» (1984).

романдары басылып шықты. Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген «Аласапыран» тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайыридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім, секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұқар, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген. «Қобыз сарыны» (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады.

4,4(49 оценок)
Ответ:
Няшка9000
Няшка9000
13.11.2021
Менің туған жерім- егеменді Қазақстан

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
4,6(26 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ