М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
manokhaangel
manokhaangel
16.04.2022 05:55 •  Қазақ тiлi

Менің жерімнің көрікті жерлері Эссе сын есімен 50сөз​

👇
Ответ:
mikhailsmirnov2
mikhailsmirnov2
16.04.2022

Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.

Объяснение:

4,8(42 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
morozovaangeli1
morozovaangeli1
16.04.2022
Азимут[1](арабша ас-сумут — жол, бағыт) — бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Ол меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен 0о-тан 360о-қа дейін өлшенеді. Бастапқы бағыттағы меридиан түріне байланысты нағыз (шын) Азимут және магниттік азимут болып бөлінеді. Нағыз (шын) азимут — аспан шырағының бағыты мен жердегі объектіге бағытталған сызықтың арасындағы горизонталь бұрыш. Ол буссоль (компас) арқылы өлшенеді. Магниттік азимут — магниттік меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен берілген сызықтың бағытына дейінгі есептелінетін бұрыш. Бір сызықтың нағыз (шын) азимуты мен магниттік Азимутының шамалары бірдей болмайды, себебі Жердің магнит өрісінің әсеріне байланысты тілі ауытқып отырады.

Азимут.png
бағыт азимут градуспен
солтүстік 0° немесе 360°
солтүстік-шығыс 45°
шығыс 90°
оңтүстік-шығыс 135°
оңтүстік 180°
оңтүстік-батыс 225°
батыс 270°
солтүстік-батыс 315°
Азимут - жер нысандарының немесе аспан шырақтарының азимуты — байқаудың берілген нүктесі меридианының жазығы мен осы нүкте және жер нысаны арқылы өтетін тік (вертикаль) жазықтық арасындағы бұрыш. Астрономиялық және геодезиялық азимут деп бөлінеді. [2]

Азимуттық анықтау (арабша - жол, бағыт) — нүкте меридианының солтүстік жағынан шығысқа қарай (0°-тан 360°-қа дейін) сағат тілінің бағытымен анықталады. Жергілікті жерде азимут бұрыш өлшегіш аспаптар (теодолит, буссоль және тағы да басқалары) арқылы өлшенеді.

Азимуттық проекциялар - координаталардың сфералық жүйесінің альмукантараттарын концентрлік шеңберлермен, ал вертикальдарды осы шеңберлердің орталығынан шығатын түзулермен бейнелейтін картографиялық проекциялау; проекциядағы вертикальдардың арасындағы бұрыштар табиғи көріністегі тиісті бұрыштарға тең. Координаталардың сфералық жүйесі полюсінің калпы бойынша азимуттық проекциялар қалыпты, көлденең және қиғаш болып бөлінеді. Қалыпты Азимуттық проекцияларда параллельдер мен меридиандар концентрлік шеңберлер мен түзулер түрінде бейнеленеді. Бұрмаланулар сипаты бойынша азимуттық проекциялар әр түрлі болады. Азимуттық проекциялардың изоколдары аль-мукантараттармен сәйкес келеді, соңдықтан Азимуттық проекцияларды дөңгелек пішінді аумақтардың карталары үшін қолданылады.

Азимутындағы қалыпты қима қисығының радиусы — әдетте Ял арқылы белгіленеді және эллипсоид бетінің берілген нүктесінің геодезиялық В ендігі мен осы нүктедегі қалыпты қиманың А азимутының мынадай функциясы болып табылады: меридиан қисықтығының және В ендігі бойымен бірінші вертикальдың радиустары; — меридиандық эллипстің екінші эксцентриситетінің квадраты.
4,7(56 оценок)
Ответ:
megastas777
megastas777
16.04.2022

Қала ырғағында өмір сүріп жүрген адам үшін (яғни уақыты тапшы) уақыт - таптырмас байлық. Осындай байлықты босқа жұмсау-нағыз дөкірлік деп санаймыз. Заманауи адамның әрбір минуты санаулы. «Үнемделген уақыт – қалтадағы артылып қалған ақшамен тең»-деген сөз қала ырғағында өмір сүріп жүрген адам үшін айтылған бос сөз емес, нағыз ақиқат. Уақытыңызды яғни ақшаңызды босқа жаратпас үшін бірнеше ереже ұстанған жөн. Бұл ережелердің басты негізі-интернет ақша аударымдары. Қаражатымызды бірге үнемдеп көрейік.

Киім-кешек

Киім-кешек сатып алу процесі - уақытымыздың біршама бөлігін алып қана қоймай, жүйкемізге тиіп, күш-қуатымызды сарқып алатын іс. Бұнымен тек әйел адам дауласса керек. Дүкенге кірдің-сатып алдың - бұл өте тиімді шешім. Бірақ біз кішкентай бала емеспіз, өмірде бұндай ертегілер кездеспейді, өкінішке орай. Киім-кешек сатып алу үшін бұл іске моральды тұрғыда дайындалып, дүкенге келіп, киіну бөлмесі мен кассаға үлкен кезекке тұру қажет. Жоқ, бұл нұсқа уақыты тапшы адамдарға, яғни сен үшін тиімсіз болғаны. Бұл мәселені шешу үшін интернеттің көмегіне жүгінсең болады. Үйде компьютердің алдында отырып, серіктесіңнен өте маңызды хабарды күтіп, қатарынан электронды каталогты ақтара аласың. Қалаған киіміңді таптың ба? Егер керекті өлшемдерді білсең, оны виртуалды түрде шақтап көру кажет. Бәрін интернет арқылы төлеуге болатыны жайлы айтпасақ та, түсінікті. Тауарларды web money, кредит картасы мен қолма-қол ақша арқылы сатып ала аласың. Бұндай істің айтарлықтай артықшылығы – ешкімде жоқ, эксклюзивті киім сатып алу мүмкіндігі.

Тамақ

Әріптестеріңді немесе дос қызыңды таң қалдыру мақсатымен газ плитанын алдында тұрып, тамақ пісіру шеберлігіңді оларға мақтанышпен көрсете аласың. Бірақ, сорпаны дайындау үшін қанша уақыт керектігін білесің бе? Оны сен де, біз де білмей ақ қояйық. Тез, әрі пайдалы тамақ сүйер қауым үшін онлайн-дүкендер ұйымдастырылған. Интернет арқылы тапсырыс беріп, азық-түліктің ұзын тізімі туралы ұмытсаң болады. Үйіңе кенеттен қонақтар келе қалса, пицца немесе сушиға тапсырыс берсең, ұятқа қалмайсың. Ең бастысы, тапсырыс бергеніңді ұмытпау.

4,8(24 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ