М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ilya1613
ilya1613
03.09.2022 09:54 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 5 сынып
Оқылым
Мәтінді оқы, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Прочитайте текст. выполните
задания.
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Салт-дәстүр халықтың мінез-құлқын,
қасиеттерін, ерекшеліктерін көрсетеді. Қазақ - салт-дәстүрге бай халық. Қазақ халқына
бауырмалдық, адамгершілік, қонақжайлылық, мейірімділік сияқты қасиеттер тән. Қазақ
отбасындағы ең үлкен қуаныш – нәрестенің дүниеге келуі. Әсіресе, қазақ халқы ұл баланың
өмірге келуін ерекше күткен. Себебі, қазақтар өздерінің ұрпағын ер балалардан таратады.
Баланың шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, сүндет тойын барлық ауыл-аймақ, туған-туыс
болып тойлаған.
Қазақ халқының ең бір қадірлі салты – үлкенді сыйлау. Барлық қазақ отбасында атаанасына, үлкендерге ерекше құрмет көрсеткен. Олардың ұрпақтары ата-аналарын
қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған.
Қазіргі кезде ата-аналар мен балаларының арасындағы қарым-қатынастары еліміздің
Ата заңымен қорғалады. Ата-ана балаларының тәрбиесіне жауапты болады. Балалар да атааналары қартайғанда, қамқорлық жасауға міндетті.
1. Мәтінде қазақ халқы не үшін ерекше шаттанған? Почему в тексте
казахский народ особенно радостный?
A. бауырмалдық үшін
B. қонақжайлық үшін
C. ұрпақ жалғастығы үшін
D. сәбидің дүниеге келгені үшін
2. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз. Определите основную мысль текста.
A. үлкенді сыйлау
B. баланың өмірге келуі
C. қазақтың салт-дәстүрі
D. қазақтың қонақжайлылығы
3. Қазақ халқының ең бір қадірлі дәстүрін көрсетіңіз. Укажите одну из самых
уважаемых традиций казахского народа.
A. кішіге ізет
B. үлкенді сыйлау
C. қыз балаға құрмет
D. мәдениетін құрметтеу
(112 сөз)
[1]
[1]
[1]
4. Бағдарсызық арқылы мәтіндегі ақпараттарды мағынасымен сәйкестендіріңіз (әр
сұраққа бір жауапты белгілеңіз). Определите правильные информации.
1. үлкенге құрмет А.ұрпақ жалғастырушы, шаңырақ иесі.
2. ер бала В. сыйлау, қамқорлық көрсету, бағу.
5. Берілген сөздерді жұптастырыңыз. Соедините заданные слова в пары.
1. қазақ а. қуаныш 1-
2. туған ә. халқы 2-
3. үлкен б. туыс 3-
4. ерекше в. құрмет 4-
[1]
[1]
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Прочитайте текст. выполните
задания.
Ертеде жылқы Күнге қарап:
- О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де
білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, - депті.
- Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп.
- Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным
аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқалап
жүру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.
- Күте тұр, - дейді Күн күліп.
Жылқыға Күн түйені алып келеді.
- Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай
болғың келе ме? - деп сұрайды Күн.
Жылқы көріксіз жануарды көргенде қалшылдап қоя береді.
- Жо-жоқ! - дейді қорыққанынан.
- Саған өз бойыңдағы сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді
Күн жылқыға. Содан бері жылқы әлі күнге дейін түйені көрген сайын қорыққанынан
дірілдей бастайды екен.
(150 сөз)
1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. Озаглавьте текст.
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. Найдите в тексте
синоним данного слова.
баяғыда
[1]
[1]
3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз. Напишите ответы на
заданные вопросы по содержанию текста.
1. Жылқы нені армандайды?
2. Жылқы түйені көргенде неге қорықты?
[1]
[1]
3. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз. Различите порядок событий
по тексту.
I Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс.
II Жылқы мақтанады.
IІІ Күн түйені алып келеді.
A. II, I, ІІІ
B. ІІІ, II, І
C. II, IІІ, І
[1]

Барлығы ; ...

👇
Ответ:
sasha2005k1
sasha2005k1
03.09.2022

ошибка

Объяснение:

незнаюшвшвашшсслслл78484848448488484838383377373

4,4(13 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
алмат112
алмат112
03.09.2022

Ребустың шешуі: ЕСІМДІК.

Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.

Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

1. жіктеу есімдіктері - мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.

2. сілтеу есімдіктері - бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне.

3. сұрау есімдіктері - кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

4. өздік есімдігі - өз.

5. белгісіздік есімдіктері - біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме, әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай, әрине, әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан.

6. болымсыздық есімдіктері - еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы.

7. жалпылау есімдіктері - бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел.

4,7(69 оценок)
Ответ:
gigov1610sp
gigov1610sp
03.09.2022

«Масғұт» - Абайдың 1887 ж. жазған дастаны.Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бұның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалап тұр.

Ең әуелгі басты кейіпкердің аты - Масғұт.Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғүтқа осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді.2) Дастан 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алгаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» атты жинақта толық емес күйінде, кейін толық түрінде 1939 жылғы басылымда жарияланды. Шығарма басылымдарында аздаған текстологиялық өзгөрістер кездеседі.Поэма ағылшын, азербайжан, араб, қарақалпақ, қырғыз, қытай, латыш, орыс, өзбек, татар, үйғыр тілдеріне аударылған.

4,4(90 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ