М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
П6о6л6я
П6о6л6я
13.09.2020 11:41 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Оқылым
Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді.
Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан.
«Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.

1. Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, себебін дәлелдеңіз.

[2]

2. Қарамен жазылған сөздер мәтінде не үшін қолданылған?

[1]

3. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді автор қандай мақсатта қолданған?

[2]

4. «Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады» сөйлемі арқылы қазіргі жолаушыға баға беріңіз.

[2]

Жазылым
5. Берілген екі сұрақтың қайсысына жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз.

A. Қазақ жазуының даму жолы
Қалалық байқауға қатысқалы жатырсыз делік. «Елбасы 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшетініміз туралы Жарлыққа қол қойды. Сіз бұл шешіммен келісесіз бе?» тақырыбында эссе жазыңыз. Афоризмдерді орынды қолданыңыз.

B. Көшпенділер мәдениеті
І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқығаннан кейін, мектеп журналына «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» тақырыбында мақала жазуға шешім қабылдадыңыз. Афоризмдерді орынды қолдана отырып, шағын мақала жазыңыз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
andreevigor200
andreevigor200
13.09.2020
Табиғатты қорғау.
табиғатты қорғау бұл біздің парызымыз. Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1]

Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. 
4,7(8 оценок)
Ответ:
amurti
amurti
13.09.2020

Арал теңізі туралы монолог.

Мен - Арал теңізімін. Қазіргі таңда менің көзден ғайып болып, апатты аймаққа айналып бара жатқаным ешкімді де бейжай қалдырмайтыны анық. Бір кездері ұзыннан-ұзақ созылып жатқан арнам мақта өсіруге қажетті химикаттарға толы тұзды алқапқа айналдым.

Бұл өңірде туындап отырған казіргі экологиялык апаттар салдарынан жыл өткен сайын менің суым азаюда. Менің фаунам мен флорам жойылып бітуге жақын. Осы өңірде тұратын тұрғындардың да әлеуметтік жағдайы бұрынғыдай емес, теңіз суы буға айналып, көптеген алқаптар суалып қалды.

Менің мүлдем жойылып кету мәселем соңғы 10 шақты жылда ғаламдық мәселеге айналып отыр. Осы уақыт ішінде менің жағдайым географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Сол ғылыми жұмыстар бойынша Арал теңізінің мәселесін қолға алып, үкімет біршама шаралар ұйымдастырып, мәселені тұрақтандыру керек деп ойлаймын. Себебі менің біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазакстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Мен сол баяғы толқындары бір – бірмен тебісіп ойнаған, балығы менсуы мол Арал теңізіне айналғым келеді...

4,4(18 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ