Сақ моншасы туралы берілген ақпарат бойынша қорытынды жасаңыз. текст
Сақ моншасының тарихи тамырлары тым тереңде жатыр. Оған мынадай бір қызықты дерек келтіруге болады. Көне дәуірлерде қазіргі «Америка» деп аталатын құрлыққа қоныс аударған біздің ата-бабаларымыздың бір бөлігі өздерімен бірге моншаға түсу дәстүрін ала кетті деуге негіз бар. Оларда тасты қыздырып, оған су бүркіп булау әдісі күні бүгінге дейін сақталған. Қазақта «Ауру жел арқылы кіріп, тер арқылы шығады» деген мәтел бар. Ата-бабамыз тер шығарып емдеудің бірнеше әдісін білген:
1. Қара қойға қарақұрт жегізіп, қараша айында әбден семірген соң оны сойып, терісіне оранып, етін жеп, сорпасын ішіп емделген.
2. Жамбыл облысының Талас ауданында қазіргі кезге дейін науқас адамдар шілде және тамыз айларында «шілденің ыстығы»деп 3, 5, 7, 9 күн құмға түсіп, түрлі аурулардан ем қабылдайды. Сондай-ақ, қыстың суығында ауырмау үшін де соның алдын алып, құмға түсу әдісі бар.
3. Қазақтар көшіп келе жатып, қажет болғанда жерошақтың күлін алып тастап, қызған жерге салынған төсекке жатып терлеу әдісін де қолданған. Мұның мысалы ретінде Мәди ақынды дұшпандары құдыққа тастап, суық өтіп кеткенде оны анасы осындай әдіспен сауықтырып алған деседі халық.
Ел аузындағы әңгіме бойынша, сақ елі моншаны өзі пайдаланумен қатар оның «халықаралық» та маңызы болған. Мәселен, сақ патшасы шетелден келген елшілер үшін арнайы осындай монша жақтырып, оларды соған түсірген. Бұл, біріншіден, қонақтарға сақ елінің кереметтігін паш етсе, екіншіден, моншаға рахаттанған елшіден байқатпай сыр тартып, келген мақсатын біліп алуға мүмкіндік берген.
Жаз айында неше түрлі шөптердің жұпар иісі аңқыған монша мен бұлақтың мұздай суы, сары қымыз бен жас қозының балбыраған еті адамға қандай көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, қыс айында тағы да шөптердің жұпар иісіне балқып, қарға аунап, жылқы етін жеп, сорпасы мен қыстың қымызын ішкен қандай керемет!
Сақ моншасының басты ерекшелігі – оны жаққаннан бастап түсіп шыққанға дейінгі екі аралықта отқа қып-қызыл болып әбден қызған тастарға бүріккен судың ыстық буына емдік қасиеттері бар 21 түрлі шөп пен ағаш бұталарының қосылуы.
Бұл моншаның тағы бір ерекшелігі – обыр ауруының алдын алу мақсатында ішіне жылқы кіргізіп, соның терімен тыныс алу әдісі.
қариясы бар үйдің қазынасы бар,-деп бекер айтылмаған. менің отбасым- үлкен отбасы. отбасының тірегі атам мен әжем. мен әжем туралы айтпақпын. менің әжем отбасының ұйытқысы, ақылшысы, өте мейірімді жан. атамның өзі көп істерді әжеммен ақылдасады. әжем ешқашан дауыс көтеріп, айқайламайды, жәй ғана ақылын айтып, дұрыс істемеген істерімізді жөнге салады. әжем салт-дәстүрді, мақал- мәтелдерді көп біледі. қажет жағдайда сол мақал-мәтелдерді орнымен қолданып, мағынасын түсіндіреді. әжем ою-өрнек салып кілем тоқиды. қолын тігін тігу, тоқу бәрі келеді. біз анам екеуміздің әжемнен үйренгеніміз көп, ал үйренеріміз одан да көп. әжетайыма көр рахмет.
лол