ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ ӨНЕРІ Күй – көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да сұлу өнер. Ұлт мәдениетінің арғы-бергі тарихын зерттеп, жүйелеп, бүгінгі жас ұрпақтың кәдесіне жарату және оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында жасалған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” жобасының жүзеге асырылуын ұлттық музыка тарихындағы елеулі оқиға деп бағалаймын. Қазақтың ұлы ақыны Абай: “Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй”, деп жырлағандай, қазақтардың сан буыны Құрманғазы, Дәулеткерей, Байжігіт, Тәттімбет, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, Абыл сияқты халқымыздың асыл өнерін ұстаған ұлы күйшілердің мол мұрасымен сусындап өсті. “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” шеңберінде бағзы замандардан келе жатқан күй атасы Қорқыттан бастап Ықыласқа дейінгі қобызға арналған күйлер мен Сармалай бастаған сыбызғы күйлерінің де сараланып осы жинаққа енгізілуі – жобаның құнын арттыра түсетін соны жаңалық. Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс, Батыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау күй мектептері ғана емес, елімізден тысқары Моңғолия, Қытай қазақтарының күй дәстүрлерінің бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің айқын айғағы деп бағалаған жөн. Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын – азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, ел тәуелсіздігін аңсау. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ күйлері – халқымыздың ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған, тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық. Қазақтың Д.Нұрпейісова, Қ.Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев, Т.Момбеков, Г.Асқаров, У.Бекенов, Қ.Ахмедияров, Ә.Есқалиев, А.Үлкенбаева, т.б дәулескер домбырашылар орындауындағы 1000 күй ұлтымыздың ұлы қазынасы ретінде туған халқының жүрегіне жол тартты. Оның бүгінгі және болашақ ұрпақтың рухани азығы мен игілігіне айналатынына және жаңа ізденістерге бастап, алдағы уақыттарда жарасты жалғастығын табатынына кәміл сенемін. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті. БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ Ел өміріндегі елеулі оқиға саналатын, қазақ үшін қабырғалы да қазыналы іс – күні кеше ғана тұсауы кесілген “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” антологиясы дер едім. Ұлттың ұлылығын, жұрттың мықтылығын танытатын рухани құндылықтары, оны мұра етіп қалдырған ой өлшемі биік, қаны да, жаны да таза арыстар екені айдан анық. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен “Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні” жобасы негізінде іске асып отырғанынан хабардармын. Жалпы, күй өнерінің өмірге келген кезеңін тап басып ешкім айта алмаса керек. Тіпті біздің дәуірімізге дейін де алуан түрлі сарындардың болғаны, оны орындаған аспаптардың сақталғаны мәлім. Ал көне ғасырдағы Қорқыт, ХІІ ғасырдағы Кетбұға, ХІV-XV ғасырлардағы Асанқайғы, Қазтуған, XVІ-XVІІ ғасырлардағы Байжігіт, XVІІІ ғасырдағы Абылайхан, XІХ ғасырдың басындағы Құрманғазы, Абыл, т.б. алыптар, олардың ізін қуған дара таланттар тарау-тарау әңгіменің, том-том кітаптың арқауы болары сөзсіз. Болып та жатыр. Осы жауһарларымызға кешегі кеңестік дәуірде көп мән бере қоймадық. Атүсті қарап, өзгенің әніне еліктеп келдік. Сөйтсек, кіммен де болса тереземіз тең түсетін, иықтаса алатын дүниелеріміз жетіп артылады екен. Соның бір парасын кезінде А.Затаевич жинақтап бастырса, Е.Брусиловский опералық шығармаларға тиімді пайдалана білді. Мұның өзі қазақтың ән мен күйін қажетіңе жарата алсаң, қандай шығармамен де ұштасып кететінін, ажарын ашып, айбынын асыратынын аңғаруға болады.
1991жылы Қазақстан өз тəуелсіздігін алды.Осы кезден бастап Қазақстанның жаңа тарихы басталды.Елдің иновациясы-жаңа идеялар табу,нөлден бастау-тапсырма оңай емес,əсіресе жаңа дамыған заманда бəрі ойластырып табылып қойған сияқты.Бірақ жаңа жəне мықты мамандар жаңа нəрселермен ойлап табудан шаршамайды,өмірді жеңілдетеді,ойлап тапқан адам ақша алады.Швецияның компаниясы Қазақстанның бизнесмендерімен бірігіп,бастама бастады.Қазақстанның ең жақсы бастамасы-Смарт сату болды. Смарт сату-тұтынушыға жəне жеткізушіге арналған платформа ,сол арқылы есеп жүргізеді,тапсырыс береді,бизнес жасайды. ЭКСПО 2017 Егер нөлден бастаса,експо 2017 туралы айтпай кетуге болмайды.Бүкіл əлемдік мамандандырылған 2017-ші жылғы көрмеде қатысушылардың дəрежесі көрсетіледі жəне энергиялардың жаңа мүмкіншіліктері,солардың экологиялық тазалығы,бағасы төмен болады жəне қоршаған ортаға зиян келтірмейді.Қазақстанға ЕКСПО-2017 белгілі жағдай болады:ешқашан Орта Азияда мұндай көлемдегі көрме көрме көрсетілімі ешқашан болмаған. УНИВЕРСИАДА Универсиада – бүкілəлемдік спорттық жарыс студенттердің ортасында болады.1993жылдан бастап Қазақстан Универсиадаға қатысатын болды.Осы кездегі жарысқа 700спортсмен,125медальмен мараптталынған спортсмендер қатысты.29қазан 2011жылы бүкілəлемдік студенттердің федерациясы Алматы қаласында өтті.28-ші бүкілəлемдік қысқы Универсиада 2017ші жылы болады Қазақстан алғаш рет СНГ елдерінің арасында қысқы универсиаданы өткізеді. МЕДЕУ Қысқы ойындар туралы айтқан кезде Медеуді еске түсіреміз. Ең үлкен коньки тебетін жер-Медеу-Қазақстанда орналасқан(16шақырым жер Алматыдан,1691м теңіз деңгейінен жоғары орналасқан) Оған 170 рекорд тіркелген.Осылайша Байқоңыр туралы айтпай кетуге болмайды.Ең алғаш зымыран ұшыратын жер-Қазақстанда.На нём установлено 170 рекордов. Байқоңырда бірінші ұшқыш ұшты жəне жер серіктері жіберілді. АЛТЫН ЕМЕЛ Қазақстанның жеткен жетістіктері туралы көп айтуға болады,бірақ біз ең алғаш құрылысты айтуымыз керек. Егер Қазақстанның əдемілігі жайында айтқанда Алтын Емел қорығы туралы ұмытсақ болмайды.Алтын емел-ең көрікті қорықтардың бірі жəне оның құқығы бойынша Қазақстанға қызмет етеді. Балқаш Балқаш көлемі бойынша екінші орынды алады.Оның жарты бөлігі тұзды,жарты бөлігі ащы.Əлі күнге дейін ғалымдар сырын аша алмай жүр. Қорғалжын қорығы Қазақстанға кіреді. Астана Қазақстанның астанасы Астана Қазақстанның үшінші астанасы.Көріп отырғандарыңыздай көп нəрсе болды,содан соң Қазақстан өз тəуелсіздігін алды.25жылдың ішінде Қазақстан көп нірсеге қол жеткізді,қиындықтар көрді.Бірақбір нəрсе өзгермейді.Ол-Қазақстан бір мемлекет,бір отбасы!! (Аударуға 1сағатым кетті..)