
Қай жерде жүрсеңдер де, қоғамнан өз өмірін таба алмай, өмірдің қиын тағдырына ұрынып, жағымсыз қылықтарға әуестеніп кеткен адамдарға жек көрінішті кейіппен қараудан аулақ болыңдар, өйткені ондай адамдардың арамызда көп болуына қоғамдағы Иса сияқты адамдар, біздер кінәліміз. Әке – шешенің қамқорына зәру болған, Қасым секілді Құрбы - құрдастарыңа оң көзбен қарап, жанашырлық танытсаңдар нұр үстіне нұр болатынын, өз мәртебелерің артатынын естеріңнен шығармаңдар.
Жерде жетім жыласа,
Көкте періште қайғырады - дейді.
Жетімін жылатпаған ел болайық
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған.
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.