ответ:Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің "Эко-Ойкос" деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос.
Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.
Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн. тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн.тонна шаң-тозаң, 5 млрд. тонна көмір қышқыл газы, 1 млн. тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы.
Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.
Mitsubishi зерттеу институтының пайымдауынша, 2030 жылы Күншығыс елінде Роботтардың жұмыс істеуіне байланысты 2,4 миллион адам қызметінен қысқартылмақ. Яғни, болашақта адамның қол күшін жасанды интеллекті бар роботтар алмастыратын болады. Бұл – адамзат үшін үлкен сын-қатер. Оны тоқтату мүмкін бе? Бұл техникалар қаншалықты тиімді? Ең алдымен Сатоси Сирато институтының қызметкерінің сөзін назарларыңызға ұсынамыз: «Жасанды интеллекттің дамуына байланысты, өнімді секторлар ғана емес, жалпы жұмыс орындарындағы қысқартуларға әкеліп соғады. Соған байланысты бұл жүйені өндірер алдында жақсылап ойлануымыз қажет. Мәселен, жұмысынан айырылып қалғандар үшін аз-кем табыс әкелетіндей ғана шығаруға болады». Ол айтып отырған «Жасанды интеллект» туралы сіз не білесіз? Жасанды интеллект дегеніміз – адамның ойын, іс-әрекетін компьютерде бейнелейтін компьютерлік жүйе. Бұл сөзді алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде, Жон Маккарти есімді азамат қолданған көрінеді. Содан бері бұл саланы зерттеушілер мен оған қызығушылық танытушылар күн санап артып келеді. Жон мырзаның пайымдауынша, жасанды интеллект екі бағытта жүзеге асады. Біріншісі, адамның интеллектуалды әрекетін қарастырса (есептер мен теоремаларды шешу, т.б.); екіншісі адамның саналы іс-әрекетін қарастырады. Міне ғажап! Ендігәрі роботтар мен адамдар қатар қызмет етеді. Бұл – ғылыми жаңалық, расымен. Десе де, аталмыш мәселе – үлкен қауіптің басы болып тұр. Себебі, одан кейін халықта технологиялармен емес, адамдардың жұмыссыздығымен күрес басталмақ... Сарапшылардың пайымдауынша да, роботтандыру бірінші кезекте өнеркәсіп, қызмет көрсету мен сауда-саттық саласындағы 7,4 млн жұмыскерлеріне қолбайлау болмақ. Технологияларды (Әрине, бәрін емес. Адамзат үшін қауіп төндіретіндерін) жақында өткен «CES – 2017» секілді инновациялық көрмелер үшін ғана шығару керек секілді. Себебі, «жасанды интеллекті бар робот» бәрібір адам емес. «Жасанды»-ның тоғы сөнеді де қалады. Ойланайық

Объяснение: