Күллі түркі халқы былай десті: «Елді халық едім,
Елім қазір қайда?
Кімге ел-жұрт іздермін?» – десті.
«Қағанды халық едім,
Қағаным қайда,
Қандай қағанға күш-қуатым
Берермін?» – десті.- деген жолдардағы көркемдегіш тәсілді тауып, қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем).
Сүйінші сұрау
Қазақ халқында қуанышты сәттерде сұралатын және берілетін кәде-сыйлардың түрі өте көп. Соның біреуі – сүйінші сұрау. Сүйінші – жақсылықтың белгісі. Сүйінші сұрау дегеніміз – қуанышты хабарды жеткізушінің сұрайтын сыйы. Әдетте жақсы хабарды жеткізуші «сүйінші, сүйінші» деп дауыстап, ал жаңалықты есту үшін үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Сүйінші ретінде ақша, бағалы зат немесе сұраушының қалаған заты беріледі. Бұл жақсылықты жақындармен бөлісіп, қуанышқа ортақтасу мақсатында қалыптасқан жөн – жоралғы. Бүгінгі күнге дейін сақталған.