1.Бақша - әртүрлі ағаштар мен гүлдер, дәнді дақылдар егілген арнаулы жер, алаң. Бақшада күнделікті пайдаланылатын көкөністер өсіріледі. Бұларды бақша дақылдары дейді. Бақша дақылдары өсірілетін жер бақшалық деп те аталады. Негізінен сулы жерлерде, өзен бойларында өрістейтін бақша өсіру кәсібімен отырықшы қазақтар ертеден айналысқан. ХЫХ ғасырда қазақ даласы туралы жазған Л.Мейердің еңбегінде 1847 жылы Сыр қазақтарының бау-бақша өсіргендігі, әсіресе терек, тұт ағаштарынан басқа өрік, алқоры, жүзім тәрізді ағаштардың жақсы өсірілгендігі туралы айтылады.
2.Бағбан - бау-бақша күтуші, баптаушы адам.
Бағбан баудағы жеміс ағаштарын уақытында суарып, түбін қопсытып, арам шөптерден тазалап, көктем және күз мезгілінде артық бұтақтарын кесіп сиретіп, ағаштың дүрыс өсіп қалыптасуына көңіл бөледі [1].
3.
Астық шаруашылығы – дәнді дақылдар өндіру жүйесі, Қазақстандағы егіншілік кәсібінің негізгі саласы. Қазақстанда дәнді дақылдар егу ерте замандардан бері қалыптасқан (қ. Егіншілік). Бірақ егістік жерлердің ауқымы мен алынған өнімдердің мөлшері жайында нақты мәлімет жоқ. 20 ғ-дың бас кезінде (1913) Қазақстан аумағына астық шаруашылығы дақылдары 4,1 млн. га-ға себілді. Оның 94%-ы дәнді дақылдар, негізінен, бидай болды.
Объяснение:
Таңертең ұйқыдан оянып, жалғанды жалпағынан басып, біріміз сабаққа, біріміз жұмысқа кетеміз. Үрей атаулыдан аулақ, емін-еркін тірлігімізге кірісеміз. Өзге елдің табалдырығын аттасақ, "Біз - Қазақстан деген тәуелсіз елденбіз" деп мақтанышпен айтамыз. Тәуелсіздік әрбір адамның өмірімен біте қайнасып жатады. Сіздің отырған-тұрғаныңыз, жүріс-тұрысыңыз, ішкен асыңыз уайымсыз өтеді. Біз тек "қайтсек ақша табамыз?" деген секілді тірліктің ұсақ түйткілдеріне бас қатырамыз. Қалғанын баяғыда-ақ батыр бабаларымыз шешіп қойған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп берген. Қазақтың пейіліндей баябан даланың әр пұшпағы үшін шыбын жанын қиған. Бізге Тәуелсіздік әперген. Тәуелсіздікті аманаттап қалдырған..
Ер Тұңға
Объяснение:
“Алып Ер Тоңғаны жоқтау” деп аталатын жыр Махмұт Қашқари сөздігі арқылы бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз жеткен. Бұл жоқтау Тұран елінің әміршісі, даңқты қолбасшысы Алып Ер Тоңғаның (қ. Афрасиаб) қазасына байланысты айтылған.