М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
senyaragimovoy1awn
senyaragimovoy1awn
05.04.2021 13:39 •  Қазақ тiлi

Отбасыңыздағы біп мүшксіне арнап мінездеме жазыңыз мінездесенің жанрлық стильдік ерекшктерін сақтаңыз жазба жуммысынды қосымшалардың үндестік заңына сәйккес дұрыс жалғануына назар аударыңыз. 100сөз көмек​

👇
Ответ:
volden05
volden05
05.04.2021

Менің отбасымда әжемнің алатын орны ерекше. Әжем көпті көрген қария кісі. Ол өте мейірбан жан. Үйде отырып барлығымыздың жағдайымызды ойлап отырады. Әжем бізге көп нәрсені үйретіп, тәрбиелейді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді, әрқашанда жақсылық жасауды үйретеді. Аялы алақанымен маңдайыңнан сипап, айналайын деген сөзінің өзі жүректі елжіретеді. Түнде күнделікті кішкентай немерелеріне ертегісін айтып, еркелетіп, құшағында ұйықтатады. Әжең болған қандай керемет. Әжеміз ұзақ өмір сүріп, ауырмай-сырқамай біздің ортамызда аман-есен жүре берсе екен!

4,4(88 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
МиллкаВах
МиллкаВах
05.04.2021

Павлодар қаласы туралы.

Менің туған қалам – Павлодар қаласы. «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» демекші, өз туған қаламды ерекше жақсы көремін. Павлодар қаласы - Қазақстанның солтүстік – шығысында  Ертіс өзенінің оң жағасында орналасқан Павлодар облысының орталығы. Менің туған қалам электр және жылу өндірісіне, сазды топыраққа, мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, құрылыс заттарына бағытталған өзіндік көп салалы өнеркәсіптік кешені бар Қазақстанның ірі индустриялды қала саналады.

Павлодар қаласы - ірі өнеркәсіп орталығы ғана болып қоймай,  солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнерімен танылған орталығы. Қаламызда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, А.Чехов атындағы орыс театры, Өлкетану мұражайы, Бұқар жырау, Майра Шәмсуддинқызы атындағы және көркемсурет мұражайлары секілді мәдениет ошақтары бар.

Қала тарихына келер болсақ,1720 жылы Коряков әскери бекінісі (форпост) салынды. Ал қаланың ірі өнеркәсіп орталығына айналуына 1938 жылы өзімен аттас облыстың құрылуы және 1953 жылы Оңтүстік Сібір темір жол магистралінің салынуы үлкен әсер етті. Бүгінде Павлодар қаласы үш жүз жыл тарихы бар әсем гүлденген қалаға айналып отыр. Мен Павлодар қаласының тумасы болғанымды мақтан тұтып, болашақта туған қаламның одан әрі көркеюіне өз үлесімді қосамын.

4,8(83 оценок)
Ответ:
Тян255
Тян255
05.04.2021
Жоқ мен елестете алмас едім, Әдебиет ол өнердің бір түрі, ең бірінші адамзат құндылықтарының бірі. Өнер дегеніміз шығармашылық қабілеттен туындайды, адамзатты басқа тіршілік иелерінен ерекшеліндіріп тұрған да сол өз еркіңмен, қиялыңмен туынды, тың дүние жасау. Мысалы кино өнерін алайық, ең бірінші сценариден басталмай ма, ол да әдебиет, сол сияқты әдебиетсіз өмірді елестете алмаймын, ГТА, Фар Грай т.б. ойынындарын алып қарайық ол да ең бірінші сценари жазылмай ойын шықпайды ғой(менің ойым ғо брат)
4,6(80 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ