жалғыз бидай .
көктемде егінші егін еге бастайды , барлық бидай ларын суарып баптап күтіп жүреді . күз келе бастағанда барлық бидайлар пісіп бастары салбырап кетеді , бірақ бір бидай ғана басын аспанға қаратып , қоқиып тұр екен . оны көрген балалары әкесіне ана бидай барлығынан ерекше екен деп шулап қоя берді , әкесі сол кезде ол ешқандай да ерекше емес деп сөзін нақты айтты . балалары неге деп сұрағанда барлық бидайлар сабағының басында өседі деді ал мынау басында түк жоқ болған соң аспанға қарап тұр депті ал қалғандары мол бидай беріп салбырап тұр деген екен
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы
Күшін жойған
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңымен
Мәтін
Ақпарат
Өзгерістер тарихы
Сілтемелер
Құжаттан сілтемелерҚұжатқа сілтемелер
Жинақталған:
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Күші жойылды - ҚР 06.04.2016 № 480-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Бүкiл мәтiнi бойынша "әкiмият" деген сөз тиiстi жалғаулары ескерiле отырып "әкiмдiк" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 2004.06.16 N 566 Заңымен.
Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен Отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін.Менің ойымша патриот ұлтын
сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады. Мен өзімді шын патриот санаймын. Кез - келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата - ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді - өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өз імізді патриот болуға тәрбиелей аламыз. мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, а тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты. Мен оқушы қалпымнан кішіпейілділік, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, әр істі тиянақтылықпен орындап, жауапкершілікпен қарау, үлкендерді сыйлау, тағы да осы секілді асыл қасиеттерді бойыма жиып, өсіп келемін. «Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.