Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.
Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Ана алақанының аясы,
Ақ шынардың саясы.
Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.
Анаға баланың алалығы жоқ.
Анадан алтау туғанша жалғыз туса нетеді —
елге тұлға болғалы.
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше еменге айыр бүтақ бітсе нетеді —
құсқа тұғыр болғалы.
Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман (Қорқыт).
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Əр адамның өзінің бақытты жанұясы болады.Менің отбасым бар.Бақыттымын,өйткені менде ана бар əке бар,іні қарындастарым сініңілілерім бар.Өз отбасыңнан басқа мейірімді жан жоқ деп ойлаймын.Мысалы анаң,анаң сен үшін түнгі ұйқысын төрт бөліп,сен жылағанда жүгіріп келіп жұбататын жан, əкең ол сенің тірегің,қамқоршың.Əкеден басқа қамқор жан жоқ.Əкеңнің жылы құшағына келіп құшақтап алсаң,өте тамаша ғажайыпқа түсесің.Əпкелерің,əрине үйдегі əпкелелеріңмен сырласып,мұңыңды айтасың,бірақ оларда сенің бір мүшең ғой.Əпке деген сенің күшің,сенің барың.Əпкеден басқа мен үшін ешкіммен сырласа алмайсың деп ойлаймын
Аға ол сенің 2 қамқоршың,əрқашанда отбасым отбасым деп алға қарай ұмтылатын жарығың,саған біреу тиссе маған айт деп қтрғайтын жанның бірі
Міне осыдан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын!Осы отбасы мүшеңе мейірімділікпен қара,сүйіспеншілікпен қара,қамқорлықпен қара.Өйткені бұл бақытты өмір бүгін бар ертең жоқ+