М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
VAI81416
VAI81416
14.08.2020 16:28 •  Қазақ тiлi

Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді. Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.

1-2 Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, себебін дәлелдеңіз.(Определите стиль и жанр текста и обьясните причину) [2] 3. Қарамен жазылған сөздер мәтінде не үшін қолданылған? (Какие слова использованы жирным шрифтом в тексте?) [1] 4. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді автор қандай мақсатта қолданған? (С какой целью автор использовал в тексте пословицы?) [1] 5. «Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады» сөйлемі арқылы қазіргі жолаушыға баға беріңіз (В настоящее время понятие «пассажир» используется как экономическая категория. Оцените текущего пассажира, используя предложение) [1]

👇
Ответ:
sonia81
sonia81
14.08.2020

Объяснение:

100% дұрыс ...........


Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жол
4,8(58 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
XOBasya
XOBasya
14.08.2020

Объяснение:

Память о маленьком диком сыне Лавренти в фильме

, Канада описывает трагедию 20-го века. Великая отечественная война

Его депортировали с родных земель и депортировали в Казахстан

Корейская, немецкая, турецкая, чеченская, курдская и другие национальности. Тяжелое состояние

отображается. Голод, народы, которые пострадали от политических репрессий

описывает трудности.

Бездомные беженцы не перемещены казахским народом. Он тысячи жизней от смерти. Один кусок хлеба с ними

есть и есть. Дает сочувствие. В кино сегодня казахстанцы

мир и сотрудничество.

Главный герой фильма Орынбай - это человек, который был в жизни. Это типичный образ мудрого казахстанца. Это видео показывает щедрость, щедрость и преданность всего казахского народа. Роль играет известный актер Болат Абдылманов.

Этот фильм другой нации, сейчас живет в Казахстане

знак искренней благодарности представителей казахскому народу.

4,4(79 оценок)
Ответ:
adilukanova
adilukanova
14.08.2020
    Бір а ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
-        Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп.
Бала әкесіне:
-        Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен
беріп тұрып айтты:
-        Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың- деді.
4,8(96 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ