Міржақып Дулатов,Мұхамеджан Сералин,Спандияр Көббев пен Бекет Өтетілеуов
Объяснение:
Міржақып Дулатов-1909 жылы оның «Оян, қазақ!» атты тұңғыш жинағы, ал 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» деп аталатын романы жарық көрді. Республикалық мәдениет революциясы ісіне белсене ат салысқан.
Мұхамеджан Сералин-Орынборда Кеңес үкіметі орнағаннан кейін, «Ұшқын» газетінің редакциясында қызмет істеді. Ол Қостанайға оралып, 1921-1922 жылдары Шұбар болыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1923-1926 жылдары «Ауыл» газетінің редакторы болып қызмет атқарды. Советтердің Бүкіл Қазақстандық ІІ-съезінің делегаты болды. Мәскеуде болған кезде ол Ленинді жерлеуге қатысып, «Жоқтау» атты өлең мен «В.И.Ленинді жерлеу» деген мақаласын жариялады. Сералин –аудармашы да. Ол «Шаһнамасының» «Рүстем-Зораб» бөлімін, А.Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударды.
Объяснение:
Ауызекі тіл , ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде қарастырады. Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар.[1] Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері — варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелінбейді. Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі — әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады.