М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ШимериШайн
ШимериШайн
11.12.2020 22:24 •  Қазақ тiлi

Берілген сөздерді қолдана орытып, « Сіз ауылға барсаңыз не істер едіңіз?» сұрағына жауап беріңіз (2-мәтін негізінде). [2] Қажетті сөздер:кіндік қаны тамған жер, жидек, қармақ.

👇
Открыть все ответы
Ответ:

Шынында да, балалық шақта ата-ана баланы тәрбиелейді, бірақ айналасындағылардың әсері адам өмірінде үнемі болады. Мен бұл тұжырыммен келісемін, өйткені күн сайын адамға байланыс, кеңес алу, басқалардың тәжірибесін бақылап, осы бақылауларды талдау арқылы басқа адамдар әсер етеді. Тәрбие адам өмірінің соңына дейін жалғасатын болғандықтан, тұлға үнемі өзгеріп отырады, оның өзгеру динамикасын байқауға болады. Жақындарының балаға деген мінез-құлқы мысал бола алады. Немересі әлі кішкентай болғанда, әжесі оны тәрбиелеп, оған күнделікті тұрмыста қолданылатын түрлі заттарды үйретеді. Өсіп келе жатқан немересі онсыз да ересек балаға бағыт-бағдар беруге дайын әжесінен кеңес іздеуді тоқтатпайды. Қорытындылай келе, адамның жеке басындағы өзгерістер өмір бойы болады, ал бүкіл орта - тәрбиеші деп айтқым келеді.

4,5(99 оценок)
Ответ:
loser05
loser05
11.12.2020

Кемпіртас туралы аңыз

Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы құрылған екен. Оған дейін аталған өңір мемлекет қорғауында болмапты Сол уақыт кезеңінде кешегі тың игерушілер мына фотода көрініп тұрғандай Кемпіртастың «тілін» жұлып алған екен. Біреулер өздерінің «батырлығын» дәлелдеу үшін техниканың көмегімен Кемпіртастың «тілін» трос байлай отырып вандалдық әрекетке барған. Жалпы, Кемпіртас туралы аңыздың бірнеше нұсқасы бар, бірінде тіпті Баба-Яга қылып қояды. Қазақ жеріндегі қайдағы Баба-Яга, кейде не болса соған сене беретініміз бар-ау! Тіпті Иван Купаланы Қазақстаннан тауып жүргендер кездеседі. Негізі Кемпіртасты әр қырынан қарасаңыз бірде жас қызға, енді бірде егде тартқан әйелге, тағы бірде әжеге ұқсайтыны шын. Фантазияңыз білсін! Бірақ аңыздардың ішінде Кемпіртас туралы мына аңыз өзіме ұнады. "Кірпігіңде тұрса да әлі жас байланып, Дінің қатты екенін растайды анық. Көкжиектен бір сәтте көз аудармай, Әй, кейуана, кеттің-ау тасқа айналып. Жанарымнан сорғалап алқызыл таң, Жан дүнием менің де сан бұзылған. Жайыңды ұғам, тас кемпір, себебі мен Сен секілді айырылғам жалғыз ұлдан. Жау жоқ бірақ көк семсер сермесердей, Тек уақыт тұр төбемнен төнген селдей. Кемпіртас-ау, қайғыңды бөлісуге Тасқа айналап кетейін мен де сендей»,-деп керекулік бір ақын жырлағандай Кемпіртас соғыстан оралмаған жалғыз баласын зарыға күте тасқа айналған ананың бейнесі екен!

Амандық Әмірхамзин

"Атқырылған" көлі туралы аңыз

Белгісіз бір заманда Қорғалжын ауданы, Майшұқыр ауылында Сержан атты бай тұрыпты. Кезінде ауылдағы билік өз қолында болған бай өзі тойса да, көзі тоймайтын дүниеқоңыз, сараң адам болған екен. Бар билік қолында болғандықтан халықты қанап, қыстап, ойына келгенін істеген. Өзінің қара басын ғана ойлаған. Ауылдағы ең шұрайлы жер де, өзен-көлдер де соның қарамағында болған. Иелігіндегі суды, жерді халық пайдалана алмайтын. Себебі бай: «Менің дүниеме қол сұқсаң, ақысын төле»,—деп пәле салады екен. Күндердің күнінде ауылдың басына қара бұлт төнеді. Ауылда құрғақшылық болады. Ауыл шаруашылығының егістігі тұтас шықпай, құрғақшылықпен қатар, ашаршылық азабы қатар төнеді. Дәл сол тұста қарапайым халық көмекті байдан сұрап, өзен арнасын егістікке бұруын өтініш етіп келеді. Онда бай егістікке жіберілген судың есесіне халықтан өздерінің қорадағы күн көріс малдарын алатынын айтады. Әрине, амалы жоқ халық ауылбасы Сержанның ұсынысына көнеді. Осылай малдарынан айырылып қалған халық егістігін аман алып қалады. Дегенмен қарапайым халықтың мұң-зарына құлақ түрмей өз құлқынын ғана ойлаған байға да зауал келеді. Отар-отар малдары бірінен соң бірі індетке шалдығып, қырыла бастайды. Арамдықпен жиған малдан түгі қалмаған бай кедейлер қатарына амалсыз қосылады. Кезінде менің көлім деп әмірлік жүргізген байды мұқатқысы келгендер көлді «Атқырылған» деп ауыл арасында атап жүреді екен. Кейін де сол атау көлдің аты болып қала береді.

4,8(2 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ