М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Tomikk1
Tomikk1
21.02.2023 05:09 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Оқылым

Мәтін
Қазақ кино өнерінің алтын тірегі «Гауһартас» фильмі 1975 жылы жарыққа шықты.
Бүкілодақтық тұсаукесері 1977 жылдың маусым айында Мәскеу қаласында өтті.
«Гауһартас» киносы танымалдылығы жағынан күллі Кеңес Одағы бойынша «Қыз Жібек»
фильмінен кейінгі екінші орында болды. Жазушы-драматург Дулат Исабеков сценарийі
бойынша түсірілген фильм бірден көрермендердің жүрегін жаулап алды. Тамаша туынды
қазақ жерінде ғана емес, өзге мемлекеттердің экрандарынан көрсетілді. Қарапайым шаруа
шаңырағына бойжеткен Салтанат келін болып түседі. Шаруаның үлкен ұлы, белді шопан
Тастанның жары атанған Салтанат жүрегі мейірімге толы жан. «Келіні жақсы үйдің
керегесі – алтын» дегендей, Салтанат келін болғалы бері, бұл шаңыраққа мейірім мен
жылулық сәулесі төгілді. Салтанаттың жібек мінезіне ата-енесі де дән риза. Қайыркен
жеңгесіне еркелеп, онымен жақсы дос болады. Тек мінезі ауыр Тастан ғана Салтанатқа
қатаң қарайды. Ер-азаматының мейіріміне бөлене алмаған Салтанат ауыр дертке
шалдығады.
Режиссер Шәріп Бейсембаевтың «Гауһартас» киносында Кәукен Кенжетаев, Әмина
Өмірзақова, Әнуар Боранбаев, Кененбай Қожабеков т.с.с. қазақ өнерінің хас шеберлері
бой көрсетеді. Сондай-ақ, Досхан Жолжақсынов, Жанна Қуанышева, Сапарғали Жәкішев
сияқты сол кездегі жас актерлер түсті.
Басты кейіпкер Салтанат келіннің бейнесін сомдаған Жанна Қуанышева нағыз қазақ
келінінің бейнесін көрсете білді. Жаны сұлулық пен нәзіктік атаулысына құштар көнбіс
мінезділігінің арқасында ол талай көрерменнің жүрегіне жол тартты. Ал оның жары
Тастан рөлін сомдаған Әнуар Боранбаев салқын мінезді нағыз ер-азаматтың бейнесін
көрсете алды.
«Гауһартас» киносы қазіргі таңда қайта жаңғырды. Киносүйер қауым тамаша
туындыны телеарналардан ғана емес, енді ғаламтор арқылы да көре алады.

Тапсырма
1. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.

Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат

2. Мәтіндегі 2 фактілік деректі анықтап, оларға қатысты автор көзқарасы берілген сөйлемді анықтаңыз.
Фактілік дерек
Көзқарас

Жазылым
1- тапсырма
«Театр өмірге деген көзқарасты өзгертеді» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды
дәлелдеп, эссе түрінде жазыңыз. Клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданыңыз.
А). Біріншіден, (екіншіден), оған қоса, бір айта кетерлігі, нәтижесінде, қорытындылай келе, атап айтсақ, бір жағынан, басқа жағынан қарастырсақ

В). Сонымен қатар, сондай-ақ, сондықтан, алайда, дегенмен, түйіндесек, қазірде

2- тапсырма. Берілген сөйлемдерге синтаксистик талдау жасаңыздар.

Арал теңізі өз тарихында төрт рет тартылған екен. Бір кездері Әмудария Каспийге құйып, Сырдың суы теңізге жетпей, Қызылқұмның құмына сіңіп кетіп отырған.
Жер бетіндегі ішкі сулардың ішінде ірілігі жағынан төртінші орын алған Арал төрт рет адам қолымен тартылып кетті.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
erop4ik1
erop4ik1
21.02.2023

2.

Қар туралы мәліметтермен танысыңдар. Жалғауларды тауып, талдаңдар. Үндестік

заңы бойынша түсіндіріңдер.

Үлгі: Ғалым+дар (к.ж.) жер бет+і+нде (т.ж.3+ж.с.ж.) бір-бір+і+не (т.ж.3+

б.с.ж.) ұқсас қар+дың (і.с.ж.) болмайтын+ы+н (т.ж3+т.с.ж) дәлелдеген (ж.ж3).

Қардың 95%-ы ауадан тұратындықтан, оның құлау жылдамдығы өте баяу.

Антарктида тауларында қызыл, күлгін, сары түсті қарлар кездеседі.

Қардың сықырын -2°С температурада аяқпен басу арқылы естиміз.

Жер шарының жартысына жуық елдері қарды өмірінде көрмеген.

4,4(29 оценок)
Ответ:
малыш008
малыш008
21.02.2023

2.

Қар туралы мәліметтермен танысыңдар. Жалғауларды тауып, талдаңдар. Үндестік

заңы бойынша түсіндіріңдер.

Үлгі: Ғалым+дар (к.ж.) жер бет+і+нде (т.ж.3+ж.с.ж.) бір-бір+і+не (т.ж.3+

б.с.ж.) ұқсас қар+дың (і.с.ж.) болмайтын+ы+н (т.ж3+т.с.ж) дәлелдеген (ж.ж3).

Қардың 95%-ы ауадан тұратындықтан, оның құлау жылдамдығы өте баяу.

Антарктида тауларында қызыл, күлгін, сары түсті қарлар кездеседі.

Қардың сықырын -2°С температурада аяқпен басу арқылы естиміз.

Жер шарының жартысына жуық елдері қарды өмірінде көрмеген.

4,6(20 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ