Спорт туралы.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын. Адамдар түрлі спорт түрлерімен әр түрлі мақсатта айналысады: біреулері денсаулығын нығайту үшін, енді кейбіреулері өзін – өзі дамыту үшін, ал басқалары моральді қанағаттану үшін. Спорттың қай түрі болмасын, барлығы да денсаулыққа пайдалы екенін ұмытпайық. Ал сіз қай спорт түрімен шұғылданасыз?
Ұл бала - болашақ әке, үй отағасы, ел қорғайтын батыр, ел билеушісі. Біздің ата-бабамыз жас тайынан ұл баланы қайсарлыққа, әділдікке, даналыққа, кешірімшілдікке, батырлыққа тәрбиелеген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Тәрбие ең бірінші құрмет пен сыйластықтан басталады. Жасы кішкентайлардың үлкендерге сен деп сөйлемеуі, жолын кесіп өтпеуі, әңгімені бөлмеуі, орынсыз сөйлемеуі мұның өзі -тәрбие. Қазақта ұл бала ерекше орын алады десек болады, яғни ол - ер-азамат, шаңырақ иесі, ата ананың қол қанаты болып саналады. Әке- ұл баланы, ана- қыз баланы тәрбиелейді деген бар. Осылайша, қазақ отбасында әкелер бар білген өнерін ұлына үйретеді. Ұл баланың тәрбиесі толықтай әкесінің қолында. Бала кішкентай кезінен бастап-ақ әкесіне қарап қызығады, "ол не істеп жатыр екен?", "әке мағанда үйретші" деп тұрады.
Ары қарай не жазарымды білмей тұрмын, өзіңіздің идеяңыз болса жалғастырсаңыз болады, тақырыптан ауытқымай жаздым деп үміттенемін