ответ:Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Найзағайдан қалай қорғану керек ереже:
Көбінесе найзағай биік ғимараттарға, ағаштарға түседі. Сондықтан олардан 50-60 метр қашықтықта болғанымыз дұрыс.Қолшатыр найзағайдан құтқармайды, керісінше апат әкелуі мүмкін. Сол себепті, найзағай кезінде қолшатырды ашуға болмайды.Біз далаға шықпас бұрын, ауа-райын қарап, жаңбыр болады ма тексеруіміз керек. Жаңбыр болса шықпағанымыз жөн.Себебі, жаңбыр жауып жатқанда, найзағай да соғуы ықтимал.Найзағай болып жатса, телефонмен сөйлеспегеніміз дұрыс. Себебі, найзағай кей кезде жоғарыда тартылған электр бағаналарынан өтеді.Егер найзағай түсу қаупі болса, далаға шықпаған жөн.