Әкем-ақылшым.
Әр отбасында әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі өзіме үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанам. Отбасының береке, ынтымағы үшін әкемнің әділ, ұстамды болуы мен үшін орасан маңызға ие. Отбасымыздың ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – менің әкем.
Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
«Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені біз үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол - менің сүйікті әкешім. Әкем менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым. Мен сізден көп тәрбие алдым.
«Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. сол тағдырдың басты себепкері - біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да, әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін
Асан қайғы желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сындары мынау екен: Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер»,—екен депті.
Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен»,— деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан ≪Үш қара≫ атанған екен таудың аты.
Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен»,— депті.
Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен»,— депті.
Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен»,—депті.
Шідерті деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Бос жылқы шілдерлеп қойғандай тоқтайтын, жылқының қонысы екен»,— депті.
Өлеңті өзенін көргенде, тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. «Неге үндемейсіз?» — дегенде, аз тұрып: «Өлеңтінің суы — май, Шідертінің шөбі — май»,—деп жүре беріпті.
Сілентіден өтіп Жалаңаштың тұзына барғанда: «Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің»,— депті.
Есіл өзенін көргенде: «Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен»,— депті.
Нұраның бойын көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен»,— депті.
Торғай өзенін көргенде: «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен»,— депті.
Терісаққан деген өзенді көргенде: «Сарыарқаның тұздығы екен»,— депті.
Жеті қоңырды көргенде: «Сарыарқаның маусымы екен»,— депті.
Ұзын аққан Сыр бойын көргенде: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қара тауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен»,— депті.
Сулы Келес, Ңұрлы Келес өзендерін көргенде: «Мөңіреуін, сиыр болып мөңіреуін. Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен»,— депті.
Асан қайғы бүкіл алты алаштың (қазақтың) жер-суын, қонысын көрем, бұларға жағдай туғызамын деп көп заман өмірін далада өткізіпті. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріпті.
Асан қайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: «Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау!» — депті.
Яссы қаласын (қазіргі Түркстан) олардың қожамолдаларын көргенде: «Ай, қарыс жері бір арық, жер сорлысы мұнда екен, әйелі семіз, ері арық, жұрт сорлысы мұнда екен»,— депті.
Шыңғырлауды көргенде: «Ай Шыңғырлау, жылқы өзі өскен жоқ, Шыңғырлау сен өсірдің!» — деп үш айналып, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып: «Шыңғырлау
өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап-қунап кетейік»,— деген екен.
«Ай Жанарыстан, жырымдай суға бола шетте қалдың-ау есіл, ерім-ай»,— деп бір төбеге келіп жылап тұрған екен.
Асан қайғы Бекарыс тұқымынан, Орта жүз; қайтыс болған жері Ұлытаудың басы болса керек.