Армандар қайтсе орындалады?
Армандамайтын, тәтті қиялға берілмейтін адам жоқ шығар? Адамға армандау керек, себебі армандар бізді алдымызға мақсат қою арқылы жарқын болашаққа жетелейді.
Арман – бізді қанаттандыратын сезім. Армандау арқылы біз алысқа көз тігіп, жарқын болашақ туралы ойланамыз.
Ал осы армандарымыз қайтсек орындалады екен? Осы сұраққа жауап іздеп көрдіңіз бе? Соңғы кездері ерекше танымалдыққа ие болып отырған визуализация тәсілі туралы естідіңіз бе? Яғни, елестету деген мағынаны білдіреді. Бұл дегеніміз сіз өзіңізге армандаған нәрсеңізге қол жеткізгендей сезініп, өз іс – әрекеттеріңізді көз алдыңызға елестету арқылы сол арманды өзіңізге жақындатасыз. Сонымен қатар тек жағымды ойлаңыз. Сонда сәттілік сізбен бірге болады. Адамдардың көбі ақыл-ойларын өздеріне қиындық әкелетін түрлі проблемалар мен түйткілді мәселелерге аударып, үнемі солар жайында ойлап жатады. Бұлай жасау сізге сол қиындықтан құтылуға көмектеспейді, керісінше, ақыл-ойыңыз арқылы қиындықта мәңгі қалуға жағдай жасайды. Қиындықты ойлап, содан неғұрлым құтылсам деп қашқан сайын, ол сізге желімдей жабыса түседі. Одан құтылу үшін – ол жайында ойламай, керісінше көңіліңізді көтеретін тек жағымды ойларға беріліңіз.
сәлем досы ! қалың қалай ? сен қай Республикада тұрасың? Мен Қазақстанда тұрамын оның көркем жерлері өтеее көппп!Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығы Батыс Тянь-Шань тауының 850 шаршы метр аумағын алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1279 түрі кездеседі, оның 57 түрі Қызыл Кітапқа енген. Сүтқоректі жануарлардың 51 түрі мекен етеді.
Сайрам-Ұғам (өгем) мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Аумағы 149 мың гектарға жететін Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан саябақ 2006 жылы ұйымдастырылды. Саябақ құрылған кезде басты мақсат Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы табиғат байлықтарын қорғау мен экологиялық туризмді дамыту болды. Табиғатты қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты саябақ қорық, шектеулі шаруашылық жұмыстарын жүргізу, туристтік болып үш аймаққа бөлінген. Саябақта өсімдіктердің 1500-ден астам түрі, сүтқоректілердің 60-тан астамы түрі, құстардың 300 түрі кездеседі.
Көкшетау
Ақмола облысында орналасқан аймақ. Бұл аймақта Зеренді, Шалқар, Саумалыкөл, Имантау көлдері бар. Орманды алқап аймақтың 60%-ын құрайды. Бұл аймақтың орман-көлдері қорғалып, Көкшетау Ұлттық саябағының құрамына кіреді.
Қорғалжын
Орталық Қазақстанда орналасқан. Кездесетін өсімдік пен жануар әлемінің барлық дерлік түрі Қызыл Кітапқа енген. Су құстарының 300 түрі кездеседі. Қорғалжын қорығының табиғатымен танысу аймақтақ мұражайдан басталады.
Көлсай
Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтықта Күнгей-Алатау баурайында Көлсай мекені орналасқан. Бұл аймақта үш көл бар: Көлсай-1, Көлсай-2, Көлсай-3.Көл суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты тартымды. Қайыңды көлінің жағалауында киіз үйлер тігілген ауыл бар. Бұл аймаққа бірнеше күнге келген жандар тау суына шомылып, саумалыдан дәм татса болады.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/527/