М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
veterokttty
veterokttty
01.05.2022 05:14 •  Қазақ тiлi

Тапсырма: Аяқталмаған өлеңді толықтырып, жалғастырамыз «Әсемдік»

Күн сәулесі әдемі,

керілгені әдемі.

асыр салып жүргенде,

Көк әдемі.

«Сұлулық»

Жас шыбықтың әдемі,

гүл ашқаны әдемі

кездесіп,

Амандықты

«Әдемілік»

сайрағаны әдемі,

ойнағаны әдемі.

Ақ боз атын ерттеп

өріске әдемі

👇
Ответ:
Михайлов11
Михайлов11
01.05.2022

Күн сәулесі төгілгені – әдемі,

Кемпірқосақ керілгені – әдемі.

Көк шалғында асыр салып жүргенде,

Көк көбелек көрінеді – әдемі.

Жас шыбықтың бүр ашқаны – әдемі,

Алма ағаштың гүл ашқаны – әдемі.

Қариялар жол үстінде кездесіп,

Амандықты сұрасқаны – әдемі.

Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны – әдемі.

Ақ ботаның үріккен кезі – әдемі,

Әжеміздің күлген көзі – әдемі.

Бәрінен де жасқа толған бөпемнің,

Тәй-тәй басып жүрген кезі – әдемі.

Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны – әдемі.

Домбыраны баппен тартсаң – әдемі,

Шарықтата әнге салсаң – әдемі.

Ұлан-сыр думанды-той үстінде,

Құрбылармен ойнап-күлсең – әдемі.

Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны – әдемі.

4,4(68 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
anastasiaperova
anastasiaperova
01.05.2022

Достық адамның бойындағы асыл қасиет.Досы жоқ адам тұзы жоқ тағам дейді ғой. Дос таба білу оңай емес.Өмірде әртүрлі қиындықтар,қайғылар болады,жетістіктер мен мақтаулар да бар. Соның бәрінде сенімен бөлісе білетін,ерекше,саған жақын,сені түсіне білетін жан,ол сенің нағыз досың. Әлемде талай жалған достар болады,бірақ уақытөте кімнің шынайыдос екенін білетін боласың. Сондықтан дос таңдауда қателеспеу керек. Досы көпті жау алмайды деген.Нағыз достар қандай қиындық болсада сені қолдап,қорғай біледі.Сондықтан шынайы досты қадірлей білу керек

4,5(20 оценок)
Ответ:
valenok18XD
valenok18XD
01.05.2022

ответ:Астана қаласы.

Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы, елордамыз, отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі. Өркениетті еліміздің бас қаласы қарыштап дамып келеді, небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді! Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар! Бас қаламыз жасай берсін, жайнай берсін, гүлдене берсін! Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін! Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.

Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Елбасымыз Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап өткен болатын! Сондықтан осындай жемісті күндеріміз көп болғай! Астанамыздың күн санап, көркейе берсін!

Объяснение:

4,4(31 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ