М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mavikon
mavikon
16.03.2020 06:05 •  Қазақ тiлi

П, Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп
көңіл бөлген. Баланы ерте жастан-ақ жауапты
іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес
жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы
баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу,
келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген.
Сондай-ақ қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл
тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп
қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің
ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу
отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне
жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік
сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы
жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен
ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен
қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің,
келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа,
жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-
қатынастары әрқайсысын әдептілікке
тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егер
жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса,
онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз
ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр
адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды.
Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны -
өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең.
Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен
қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық
болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде
жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті
жақындарына көмек көрсетуді өз
жауапкершіліктеріне алмайды.
4.Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпаратты
ажыратыныз
—​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Джарият111
Джарият111
16.03.2020

ответь:Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.

4,5(90 оценок)
Ответ:
Кимчи12
Кимчи12
16.03.2020

Менің сүйікті тағамым

«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.

Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.

Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.

Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.  

Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...

Объяснение:

4,5(74 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ