М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
aslan2002761
aslan2002761
17.07.2022 13:26 •  Қазақ тiлi

Тірек сөз деген не жауап күтем​

👇
Ответ:
zelmanchuk2000
zelmanchuk2000
17.07.2022

Объяснение:

Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз немесе доминант дейміз.

4,4(94 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Neymar3110
Neymar3110
17.07.2022

- Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұрасы. Демек, әр адам ана тілін көзінің нұрындай қорғауы тиіс. Біздің ана тіліміз шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін көркейту ұлт байрағын көтеру мен бірдей десек, қателеспеген болармыз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «ұлттық тіл - қазақ ұлтының рухани мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баста көрсеткен болатын. Әлемде қанша ұлт,нәсіл болса, соларды бір бірінен даралап тұратын басты бойтұмары - туған тілі. «Әр халықтың ана тілі-білімнің кілті», - деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түсті. Ана тілінің құдіреті жайлы қаншама ойшыл, ақын жазушыларымыз, даналарымыз құнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз әлдейлеп өскен қазақ тілінің еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде. Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өңірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналары сөзсіз. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз - туған тіліміздің мерейін үстем етті. Қазіргі жаһанданған, ақпаратық дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістермен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың,татулықтың өлкесі болып,көп ұлтты мемлекетке айналып отыр.Осы орайда елбасымыз атап өткендей: «Біз - көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілімен мәдениетін және салт дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауда алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз», - деген болатын. Қазіргі таңда «Келешекке кемел біліммен» деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке кемел біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп,қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақта дамыған,бірнеше тілді меңгерген, құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Үш тілді оқыту - заман талабы. Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Осы «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы іске асыруды балабақшадан басталуы тиіс. Бұл - заман талабы. Осы орайда тәрбиеші мен мұғалімдер бәсекеге қаблетті тұлғаны даярлауды зор деп танылуда. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі деп салиқалы үндеуінде атап көрсетті. Бұл үдерістен бізде тыс қалмауымыз керек.Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның болашақтағы өмір белесінен, білім кеңістігінде алары да берері де мол. Осы оқу жылының басында «Тілдер мерекесі» апталығында жүргізілген барлық іс шаралар үштұғырлы тіл биігінде аталып өтті. Шәкірттердің, жаңалыққа жаны құмар ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу де орасан зор еңбектері көрініс тапты. Балабақшадан бастау алған осы саясаттың түрлі тақырыптарда лингвистикалық, экономикалық тарихи, танымдық сайыстар оқушылар арасында үштұғырлы тіл барысында белең алуда.

4,6(91 оценок)
Ответ:
avatarmeri15
avatarmeri15
17.07.2022

Қазақ халқы әнші ақындар шоғырының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Жасынан ән–жырға үйір ол қолына домбыра алып ән салады, өлең шығарады. Жігіттік, сал, серілік жолға бейімделеді. Әдемі киініп, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстайды. Қасына өнерлі жігіттерді жинап, ел аралайды, сауық–сайран құрады. Қалың елді ғажайып әнімен баурайды. Бір уақ сейіл–серуенге шығып, саятшылық құрады. Осындай өзгеше өміріне, өнеріне риза болған халық «сері» атандырады. Ақан сияқты көп қырлы өнері бар адам дүние–байлыққа қызықпаған, оны мақсат та етпеген. Оның есесіне Құлагердей ат, Қараторғай мен Базар ала сияқты қыран құс пен тзы ұстаған.

Ақан сал–серіліктің салтанатын аңшылық–саятшылық, құсбегілік мергеншілікпен ұштастырып, бір уақыт осыларды қызықтаған. Құс салып, ит жүгіртіп көңілін көтеріп, жанын жадыратқан. Сондықтан бір қатар туындылары осы тақырыпқа арналған. Солардың ішінде қалың елге кең тарағаны «Құлагер» ән өлеңі.

Бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлгер 1876 жылы Сағынайдың асынд қастандықпен өлтірілгені белгілі. Бәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қосылады. Осынша аттың алдына қара үзіп келе жатқан қанатты жүйрік Құлагерді Ақмолның алпуыты Жүсіптің жандайшаптары қастандық жасап, айбалтамен басынан ұрып өлтіреді. Осы бір қарабет–қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Өйткені ер қанатына айналған атқа халық ерекше мән берген. Сондықтан бұл өлең ақынның ауыр жан күйзелісі, терең тебіренісінен туған. Өлеңде озбырлықтан зәбір көрген ақынның көкірегін кернеген қайғы–мұңы бар. Сондай–ақ ақынның көңіл–күйіндегі сан түрлі психологиялық өзгерістер де айқын байқалып отырады. Құлагерді қарап тұрған Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін байқап мазасыздана бастайды. Бір жамандықты сезгендей болады.

Жел соқса қамыс басы майда деймін,

Атыңды, ат айдаушы қайда деймін.

Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,

Жығылмаса Құлагер қайда деймін?! Деген жолдарда бір үміт, бір күдік тай–таласқа түскендей болады.

Ақан сері Құлагердің өлгенін естігенде есі ауысқандай басқа күйге түседі. Оның ой –сезімін бір сәт шарасыздық билегендей болады.

Өлді деп Құлагерді естігенде,

Бір тұрып, бір отырып ойбайлдым, – дейді.

Ақанның өкінішінде шек жоқ. Өлеңнің әр шумағы оның жан күйігіне толы. Құлагер дүбірлі бәйгеге қосылғн сайын Ақан серінің де, елінің де намысын асқақтата түседі. Сондықтан оны бүкіл Атығай, Қарауылға олжа салған жүйрік ретінде жоқтайды. Ердің де, елдің де даңқын асырған тұлпардың қапияда мерт болуы жалпақ жұртқа да оңай болмаған.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,

Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.

Атығай, Қарауылға олжа салған,

Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім.

Құлагер құнанында керім еді,

Нағашым сұрағанда беріп еді.

Ат қоса Ерейменге барғанымда,

Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді.

«Құлагер» өлеңін оқып отырғанда Ақан серінің жанына жара салған күйзелісі, мұң мұнары басып тығырыққа тірілген ауыр да, азапты сәттерінің шыны мен сырына қаныға түсеміз. Ақынның азалы үнінен сырт қалу мүмкін де емес. Қызғаныштың қызыл итін жүгіртіп, әділдікке жымысқылық пен қол көтерген қараниет қарақшылардың зұлымдығына басылған лағынет таңбасы.

Құлагерді өлтіргенде алдым несін,

Әркімнің тәңірім берген несібесін.

Қас қылған жануарым Құлагерге,

Жауызға бар тілегім өлім берсін, – деген жолдар Ақан серінің ғана тілегі емес, қара ниет жауға деген бүкіл халық қарғысы деп ұқсақ болады. «Құлагер» өлеңі бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұнда әділетсіздікке деген Ақан серінің жан ашуы жатыр. Ат өлімі жүрегіндегі ашу–ыза, кекті тұтандырып, намысын жани түскен. Сондықтан Ақан сері сол тұстағы заманның ащы шындығын ашып, қанды қол қарақшыны да, кеудесіне нан піскен озбырларды да өлтіре сынап, оларға қарсы үн көтереді, өлім тілейді. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/32827/

Объяснение:

4,8(68 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ