Объяснение:
18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Тіл
PDF түсіріп алу
Бақылау
Өңдеу
Қазақ хандығының ішкі жағдайы Өңдеу
Тәуке хан (1680-1715/18 жылдар) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.
Тәуке хан тарихқа «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде кеңінен танылды. Оның кезінде құрамында қазақ даласының данышпандары атанған аса беделді Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бар билер кеңесі құрылды. Олардың жеке тұлғалары мен аттарының өзі бүкіл қазақ халқының және Қазақ хандығының бірлігі мен біртұтас топтасқандығын білдірді. Тәуке ханның кезінде қазақтардың үш жүзінің ең таңдаулы да беделді деген өкілдері жыл сайын бас қосып, аса маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдап отырды. Ондай жиын Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы Күлтөбе деген жерде өтіп тұрды. Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды. Қазақтар Сырдария өзенінің өңіріндеп 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыр» кезеңі деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол оларды, тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарган әділеттілігімен өзіне бағындыра білді».
ертіп, жауға қарсы ұмтылады. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп,бірнеше жаудың көзін жояды. Мерген қыз жиырма жасқа толмаған кезінде, қыршын жасында жау оғынан көз жұмады. Ерлікпен қаза тапқан ержүрек апамызға да «Кеңес Одағының Батыры» деген атағы беріледі. Батыр Бауыржан Момышұлы - Мәскеу түбінде өз әскерін бес рет неміс қоршауынан аман-есен алып шыққан сайыпқыран қолбасшы. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарды.1992 жылы аты аңызға айналған қазақтың даңқты, батыр перзенті Бауыржан Момышұлына егемен еліміздің жоғары наградасы - Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді. Батыр Бауыржанның ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі-қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев.1945 жылы 9 мамырда кеңестік қызыл армия жауынгерлері Германияның астанасы Берлин төбесіне ту тікті. Қазақ азаматы Рахымжан Қошқарбаев 1945 жылы 30 сәуірде,жауынгер Булатовпен бірге,жаңбырдай жауған жау оғының астында Рейхстаг төбесіне Жеңіс туын желбіретті.Бір өкініштісі Кеңес үкіметі Рейхстагқа ту тіккен орыстар мен грузиндер болуы керек деп,Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін жасырып, мойындамай қойды.Рахымжан Қошқарбаев 1999 жылы еліміздің жоғарғы наградасы - Халық қаһарманы атғымен марапатталады. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ол елім деп, жерім деп елі үшін жанын қиды.
Соғыста қаза тапқандардың саны бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша,адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды.1710 қала және 70 мыңнан астам село-деревнялар,3180 өнеркәсіптік кәсіпорын, 36 мың пошта телеграф мекемесі,телефон стансасы және басқа да байланыс бекеттері жермен-жексен болды. Көптеген кітапханалар,ауруханалар тоналған.
Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес елі халықтарының достығын нығайтты.Жеңіс КСРО-ға төнген отарлық қауіптен құтқарды.Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар басына түскен ауыртпалықты тарихи сын кезеңі болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдындағы беделі асқақтай түсті.Сонымен қақар кеудесімен жау пулеметін жауып Отан үшін жанын қиған батырларымыздың ерлігі ешқашан да ұмытылмақ емес.
Қорытындылай келе, Отан - адамға не үшін қымбат екенін түсіндім. Бабаларымыздың «Отан үшін отқа түссең күймейсің», - деген қымбат та асыл сөздер тектен-текке айтылмаса керек.Отан үшін от кешкендердің жүрегінің дүрсілі тек «Отан» деп соқты.Олар біздің асыл қазынамызды, байлығымызды қорғап, сақтап қалды.Сол себептіде Отан-біз үшін ата-бабаларымыздан қалған асыл-мұра болып есептеліп қалады. Жан қию оңай ма? Олар Отанымызды қорғап,жаулармен соғысып үлкен ерлік жасады.Қазіргі таңда бүгін Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтерінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде.Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы керек.Отан-әрбір адамның жүрегі,яғни Отансыз ешқашан өмір сүре алмайды.Отан туралы Бауыржан Момышұлы «Красная звезда» газетінде былай деп жазды: «Өз халқын құрметтеп,сүймеген адам - опасыз,оңбаған адам»,-деп жазды. Бауыржан Момышұлы елі үшін 25жыл өмірін әскерге арнаған. Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін жаным –арымның садағасы,халқым үшін қасықтай қаным пида»,-әрдайым жүрегі дүрсілдеп тұратын. Мен және бүкіл ел азаматтары бейбітшілікті қалаймыз. Соғыстың бетін аулақ