Судың да сұрауы бар" деген даналықты тікелей мағынада түсініп көрелікші бір сәт. Сусыз өмір жоқ екенін теорияда керемет білеміз. Ал іс жүзінде сол тіршілік көзі суға деген құрмет жоғалды десем артық айтқаным емес. Күнделікті ішетін кофе судың соры екен. Бір киолграмм кофе өнімін дайындау үшін жиырма екі мың литр су жұмсалады екен. Осыдан соң кофені ішкім келмей қалды. Бір жеңіл автокөлігін шығаруға екі жүз литрдей кетеді дейді статистикада. Одан да көп кетпесе аз кетпесі анық. Әлемдегі судың 3 % (үш пайызы) ғана тұщы су екен. Егер адам ағзасына 2 литр су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс жасау іс-әрекеті 20 пайызға төмендейді екен.Ер адамның ағзасы 70% судан тұрады.
Алматы метросы туралы.
Алматы метросы 2011 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылған болатын. Бұл - көптен күткен керемет жаңалық пен қала қонақтары мен тұрғындары үшін өте үлкен сый болды. Метроның іске қосылуымен қала көшелеріндегі кептеліс азайды. Міне, бүгінде сегіз жылдан астам уақыт бойы қала тұрғындары мен қонақтары қолданып келеді. Өте ыңғайлы, бағасы да тиімді, бар болғаны 80 теңге. Ең басты ыңғайлылығы – жолда кептеліс болмайды. Ол смарт-карта мен смарт-жетон арқылы төленеді. Пойыздар жылдам жүріп, қажетті жеріңе апарады. Тереңдiгi – 40 метр. Метрополитенде 7 бекет (станция) үздіксіз жұмыс істеп тұр. Олар:
1. Райымбек бекеті Райымбек атындағы даңғыл мен Фурманов атындағы көше қиылысында;
2. Жібек жолы бекеті - Гоголь атындағы көше мен Панфилов атындағы көшенің қиылысында;
3. Алмалы бекеті – Қарасай батыр мен Панфилов атындағы көшелердің қиылысында;
4. Абай бекеті – Абай атындағы даңғыл мен Фурманов атындағы көшенің қиылысында;
5. Байқоңыр бекеті - Абай атындағы даңғыл мен Байтұрсынұлы атындағы көшенің қиылысында;
6. Әуезов театры – Абай атындағы даңғыл мен Жандосов атындағы көшенің қиылысында;
7. Алатау бекеті – Абай атындағы даңғыл мен Жароков атындағы көшеннің қиылысында.