Буыршынның жалғыз қырқар азуы, Бидайықтың жалғыз соғары, Қашағанның ұзын құрығы, Ақ орданың тіреу сырығы...- деген жолдардағы көркемдегіш тәсілді тауып, қолданысын түсіндіріп беріңіз
Дәрігер-қай-қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымы. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы-өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігердің атап айтатын құқықтарын білгені медицина саласына көптеген жеңілдік береді. Осы құқықтарға сай істелген жұмыста еш уақытта шалалық болмауы тиіс. Қазіргі заман талабына сай дәрігердің барлығы да өзінің құқығы жайлы мәліметті біле жүргені артық болмас еді.
Денсаулық - бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның негізгі байлығы. Жақын және қымбатты адамдармен кездескенде және қоштасқанда біз оларға мықты және зор денсаулық тілейміз, өйткені ол – бақытты және толымды өмірдің кепілі және негізгі байлығы. Денсаулық бізге жоспарларымызды орындау, өмірдің негізгі мәселелерді табысты шешу, қиыншылықтардан өту, керек болса, едәуір ауыртпалықтарды көтеруге көмектеседі. Адамның ақылымен нығайтылып және сол қалпында сақталып отырған, зор денсаулығы, оған ұзақ және белсенді өмірді қамтамасыз етеді.