1.Жыраулар поэзиясы қай жылдарды қамтиды? 2.Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы қандай?
3.Жырау,жыршы деген кім?
4.Бұл сөздердің мағынасын түсіне аламыз ба?
5. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» жыр ішіндегі жер-су аттарын теріп жаз.
6.Жиембет жырау не себепті ханға өкпеледі?
7.Оның ренжігені қандай сөздерден білінеді?(Еңсегей бойлы Ер Есім шығармасынан іздену)
8.Жиембет пен Есім ханға жазбаша сипаттама беріңдер.
Балалар! Оқүға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, үшқан құс та, жүрген аң да,
Жүмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақүлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы;
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа!
Кұлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
Тарту
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!