Жюль Верн – француз жазушысы, ғылыми фантастикалық роман жанрының негізін қалаушылардың бірі. Ол Францияның Нант қаласында 1828 ж. 8 ақпанда туған. Мамандығы заң қызметкері. Театр директорының хатшысы (1851 – 54), қаржы-қаражат агенті (1856 – 64) қызметтерін атқарған. Әдеби қызметін шағын пьесалар (1849) жазудан бастаған. 1863 ж. «Әуе шарында өткен бес апта» атты тұңғыш романы жарық көрді. Верн 65 роман, повесть, әңгіме және география тарихы туралы зерттеулер жазды. Жазушының «Капитан Гранттың балалары» (1867), «Сырлы арал» (1875), «Он бес жасар капитан» (1878), т.б. шығармаларында суреттелетін табиғат пен теңіз асты әлемінде кездесетін әр түрлі жағдайларды дәл бейнелеуі ғылым жетістіктерімен үндесіп жатыр. 1905 ж. 24 наурызда жазушы Жюль Верн Амьенде дүние салды. Оның шығармалары көптеген әлем халықтары тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де аударылды, фильмдер түсірілді. Айдың арғы бетіндегі кратер Верн есімімен аталады
"Көкөніс" тақырыбында сөзжұмбақ:
1) "Алма" сөзінің орысшасы?
2) Бүршіктері бір гүл береді, олар ақ немесе қызғылт түсті, жапырақтарынан бұрын ашылатын жеміс қалай аталады?
3) Оңтүстік Америка қай көкөністің Отаны?
4) Айт десе жүгірмес,
Су тисе сілкінбес.Бұл не?
5) Қауын жемісі орысша қалай аталады?
6) Бойы бір қарыс,
Сақалы екі қарыс.Бұл қай көкөніс?
7) "Жеріне қарай ......" Мақалды аяқта.
"Жеміс" тақырыбында сөзжұмбақ:
1) Бір күмбездің ішінде мың күмбез.Бұл қай көкөніс?
2) Қай жемістің Отаны Солтүстік Парсы жері мен Қара Теңіз жағалауы?
3) Жуа туысына жататын адамзат кеңінен асқа, медицинада пайдаланатын көкөніс?
4) Діңі шырмауық тәрізді оралып өсетін жеміс?
5) Күнбағыстың орысшасы?
Здесь же написанно
Объяснение:
Как ты дашь 20 ?