1. адам тұратын үй, жай, қалқа немесе басқа архитектуралық құрылыс, ғимарат. Әр елдің ұлттық, тұрмыс-салт, кәсіби-мәдени, шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне сәйкес, сондай-ақ, қоныстанған жерінің табиғи жағдайына бейімделуіне байланысты дүние жүзінде неше түрлі қызғылықты үлгілері қалыптасқан, яғни әр халықтың өз баспанасы бар. Мысалы, көшпелілердің, соның ішінде қазақ халқының көшіп-қонуға лайықталған киіз үйі және дәстүрлі қоржын тамы; орыс халқының бөренеден қиып салатын ағаш үйі, Карпат тауы баурайындағы гуцулдардың жуан бук ағашы бөренелерінен қиюластырылған үйлері, Чукот түбегіндегі тайпалардың бірнеше ағаш қаданың басын қосып байлап, үстін бұғы терісімен жапқан қосы — “яранга”, Жапониядағы жер сілкінісінің жиілігі ескеріліп, жеңіл нәрселерден жасалған үйлер, Кавказ тауы бөктеріндегі халықтардың тастақты тау беткейіне саты-саты етіп қашап салынған “саклалары”, әр түрлі лашықтар мен күркелер, т.б. Баспаналар жасалатын материалдары мен безендірілуі жағынан да қилы-қилы болып келеді. Өркениетті елдердегі қазіргі заманғы Баспана түрлеріне соңғы үлгідегі тұрғын үйлер, пәтерлер, мейманханалар, жатақханалар, т.б. түпкілікті немесе уақытша мекендейтін орындар жатады;
табиғи апаттан, жаппай қырып-жоятын соғыс қарулары қаупінен уақытша бас сауғалайтын орын; әскер мен жұртшылықты сақтау үшін ағаштан, бетоннан, тастан, т.б. материалдан әдейі арнап салынған инженерлік құрылыс. Қандай мақсатта салынғанына байланысты қорғаныстық Баспаналардың бірнеше түрі болады. Арнаулы желдеткіш-сүзгі қондырғымен жабдықталған Баспаналар радиоактивті және бактериологиялық қарулардың зақым келтіруінен сақтайды. Баспананың ядролық қару әсеріне төтеп беру мүмкіншілігі жарылыс қашықтығына байланысты. Әскери Баспана әскерлер мен басқару нүктелері орналасқан аудандар мен мекендерде, тылда салынады. Олар штабтар мен басқару нүктелерінің, байланыс тораптары мен медициналық орындардың тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Елді мекендерде әскери-қорғаныстық Баспана ретінде, әдетте, тұрғын үйлер мен өнеркәсіп, мекеме ғимараттарының еденінің асты, үңгірлер, туннельдер, метрополитендер пайдаланылады.
Объяснение:
Достық[1] – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.[2]
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі
ВТ