М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nexsting1
nexsting1
09.09.2022 03:26 •  Қазақ тiлi

Оқылым Тапсырма

Берілген мәтіндерді оқып, оларды өзара тақырыбы, жалпы мазмұнын тұрғысынан салыстырыңыз. Олардың жанры мен стилін анықтаңыз.

А мәтіні

Балаңызға қолайлы, сәнді, ең бастысы сапалы киім іздеп жүрсіз бе? Балалар киіміне арналған қалаңыздағы дүкендер туралы ақпарат жинаудың қажет жоқ! Себебі Сіздер үшін «Балақай» дүкені кез келген талғамға сай балалар киімінің сан алуан түрін ұсынады. Сәнді костюмдер мен шалбарлар, түрлі маусымға арналған көйлектер мен жейделер! Қанық түсті, танымал брендтердің өнімі Сіздерді асыға күтеді! Біздің киімдер тек табиғи маталардан тігіледі. Сондықтан аллергия тудырмайды. Киімдер балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп пішілген, өте қолайлы. Біздің дүкенде әр күн сайын таңғы оннан кешкі жетіге дейін жаңа коллекцияларға жеңілдіктер бар. Ата-аналарға қолайлы болу үшін біздің есігіміз демалыс күндері де ашық. «Балақай» дүкені. Сіз үшін тек ең жақсысы! Біздің мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, Орталық әмбебап дүкені, 2-қабат, 56-бутик.

Ә мәтіні

«YES» шет тілдер мектебі нарықта он алты жыл бойы сапалы қызмет ұсынып келеді. Осы уақыт ішінде отыз алты мыңнан астам студенттер бізбен бірге шет тілін үйренудегі мақсаттарына қол жеткізді. Біздің мектептің қабырғасында оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік орталық жұмыс жасайды. Сондықтан Сізді тек мықты, кәсіпқой мамандар оқытатынына сенімдіміз.

Тілді жаттамайды, тілде сөйлейді! Біз флэш-ком әдісі арқылы өзіміздің тіл үйрету қағидамызды қалыптастырдық. Біздің сабақтар тек ағылшын тілінде ғана өтеді! Біздің сабақтар қарым қатынас тәжірибесіне бағдарланған!

«YES» шет тілдер мектебі - әлемдегі ең ірі білім беру компаниясы, шет тілін үйрету мен оқытуда ең үздік оқулықтар мен ресурстарды әзірлейтін көшбасшы ұйым PERSON компаниясының ресми серіктесі. Бізбен бірге шет тілін үйреніп, әлемнің шекарасын бұзыңыз! Біздің мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 56-үй. «Қазақстан» бизнес орталығы. Байланыс нөмірі: 8 777 555 44 66.

А мәтіні Ә мәтіні

Тақырыбы

Қысқаша мазмұны

Қандай жанр? Неліктен? Себебін түсіндіріңіз.

👇
Ответ:
mmthe124
mmthe124
09.09.2022

ответ:А мəтіні жарнама.Ə мəтіні хабарландыру.

Объяснение:Дұрыс болмаса кешірім сұраймын.

4,4(96 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ulyanakovoleva
ulyanakovoleva
09.09.2022

Күлтегін жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және а ң жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында а жаралған). Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады.

«Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі.

Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

Күлтегін жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

4,6(46 оценок)
Ответ:
малыш008
малыш008
09.09.2022

Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (Ф. вон Ріцһтһофен) бен А. Һерман (А Һерман) 19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы ЫЫ ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, ВЫ ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

4,8(20 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ