Әке деген-биік шыңы адамның, Әке деген-тірегі ғой ғаламның. Әке деген-бойында аққан қаның да, Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да. Не десеңде әке жолы бір бөлек, Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
Өмірдегі тірегім
Анам менің – аялаған ақ гүлім, Анам менің – бақытым мен шаттығым. “Анашым” – деп балаң жырын арнаған Неге ғана естімеген тәтті үнін.
Анам менің – өмірдегі тірегім, Анам менің – кеудемдегі жүрегім, Егер менің қасымда сен болмасаң Бұл өмірде қалай ғана жүремін
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана, Келтірген дүниеге нелер дана. Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ, Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Аружан: Сәлем, Анеля!
Анеля: Сәлем, Аружан!
Аружан: Бүгін қайда барасың?
Анеля: бүгін мен отбасыммен жайлауға барамыз.
Аружан: Түсінікті.
Анеля: Ал сен бүгін қайда барасың?
Аружан: ал мен бүгін отбасыммен ауылға барамыз.
Анеля: Түсінікті, жарайды мен барамын, Мені күтіп тұр
Аружан: Жарайды.
Аружан: Сау бол, Анеля!
Анеля: Сау бол, Аружан!