Шампиньондардан салат жасау
Бізге қажет болады: - 250 гр консервіленген шампиньондар - көк пияз - 2 ірі жұмыртқа Жұмыртқаларды алдын ала пісіріп алыңыз. Шампиньондарды майдалап тұралған пияздармен қоса аз майға қуырыңыз. Піскен жұмыртқаларды аршып, сарысын алып тастап ағын ірілеп тұраңыз да, қуырылып жатқан шампиньондарға қосыңыз. Бәрін бір-екі араластырып сәл ғана қуырыңыз. Сервис жасайтын табақтарыңызға қойған соң, үстіне жұмыртқаның сарысын үгіп салыңыз. Жұмыртқаның сарысын бірден араластырып қойсаңыз да болады. Асыңыз дәмді болсын!
"ТАБИҒАТ туралы мақалдар"
1.Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.
2.Табиғат жер байлығы, Батырлар ел байлығы.
3.Нөсер алдында найзағай ойнайды.
4.Күн күркіресе, көп дүркірер.
5.Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
6.Боранда күні ит пен бала құтырады.
7.Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.
8.Алпыс күнде тасыған су,
Алты күнде қайтар.
9.Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.