Сақ патшайымы Тұмардың (ж.ж.с.д. 570-520) есімі ежелгі жаз-
баларда «Томирис» деп көрсетілген.
Тұмар — массагеттердің патшайымы, скиф
халқының көсемі — Ишпақайдың ұрпағы,
скифтердің патшасы Мадийдің шөбересі,
массагеттердің патшасы Сыпырдың
қызы. Патшайымның анасы Томиристің сәби
шағында қайтыс болады. Кішкентай қызды
әкесі тәрбиелейді.
Томирис бала кезінен әскери іс-қимыл
мен қару-жарақ пайдаланылатын ортада
ескен. Әкесімен бірге жаулардан бірнеше
рет қашып құтылған. Ал бес жасынан бастап асау атқа мініп жүрген. Алты жасында қолына
аңнан қысқа сенсер ұстап, соғыс өнеріне жаттыға бастаған.
Парсылардың Кир патшасын жеңген соң Томиристің аты тарихта қалған. Кир патша
шығыстағы массагеттерді жаулап алуды көздеген
Алдымен, Кир көшпенділер еліне елші аттандырады. Олардың патшайымы - Тұмардын
езіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Осылайша Кир массагеттермен соғысуға сылтау іздейд Теме
Кир патшаның нисд 558-530) ұсынысын қабылдамайды. Осыны сылтау еткен Кир жауын-
герлерін шығысқа қарай аттандырады. Аранс дариясына жетіп, үстінен қалқыма кепірлерді
круға немелердің кермесінде мұнара камалдар тұрғызуға амр етеді.
СОСТАВТЕ 7 ВОПРОСОВ ПО ТЕКСТУ
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.