М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
hrapatiynickita
hrapatiynickita
06.01.2023 07:56 •  Қазақ тiлi

Тәуелсіздігім туыммен тұғырлы,елтаңбаммен еңселі,әнұраныммен айбатты. эссе 1 -1,5 бет​

👇
Ответ:

Объяснение:

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.

4,6(1 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
3JlaK
3JlaK
06.01.2023
Нұрсултан Абiшулы Назарбаев алғашқы еңбегін металлург болып бастады. 1 желтоқсанның 1991 жылы сайлау барысында Нұрсултан әбiшулы Назарбаев Қазақстан Республикасының президентi болып сайланды. Қайтпас қайсарлыгынын арқасында ол алғашқы президент болды. Нұрсултан әбiшулы елімізге көп нәрсе жасады. Сол адамның арқасында еліміз тәуелсіздік алып: ел таңба, ән ұран, герб пайда болды. Ол халықтық партия " нұр отан " құрды,жәнеде теңге қолданысқа берді. Нұрсултан Назарбаевтын еңбегі халық алдында шексіз. Қазақстан тәуелсіздікке дейін картада жеке мемлекет болып белгіленбеген едi, тек Назарбаевтын арқасында бүкіл әлем таныды. Нұрсултан Назарбаевтын арқасында елімізде Астана қаласы пайда болды. Астана- Қазақстанның астанасы . әр бiр тұрғын және қала қонақтары тәуелсіздік туымен, дамып келе жатқан елiмiзбен мақтан тұтады.
4,7(82 оценок)
Ответ:
Kammmmmmmmmmmm
Kammmmmmmmmmmm
06.01.2023
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қз еңбек жолын металлург болып бастады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Н.Ә.Назарбаев қайсар еңбегі мен ерең еңбегінің арқасында ҚР Бірінші Президенті болды. Елбасымыздың халықы үшін аянбай еңбек етуде. Президентіміздің арқасында еліміздің тәуелсіздік символдары пайда болды: гербымыз, әнұранымыз, туымыз. Н.Ә.Назарбаев - "Нүр Отан" Халық Демократиялық партиясын құрушы, сондай-ақ ұлттық валютамыз - теңгені қолданысқа енгізуші болып табылады. Нұрсұлтан атамыз халқы алдында баға жетпес еңбек етуде. Қазақстан өз тәуелсіздігін алмас бұрын әлем картасында жеке мемлекет ретінде көрсетілмеген еді, тек Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жеріміз бен еліміз әлемге танылды. Елбасымыздың талпынысының арқасында елімізде Астана деген әсем қала пайда болды. Астана - бұл Қазақстан астанасы, ол өте әдемі әрі замануи. Қаланың әр тұрғыны мен қонақтары, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, еркіндігін және дамығандығын көрсететін, қаланың көрікті жерлерін мақтан тұтады.
4,7(37 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ