Объяснение:
Мәңгілік ел – мәңгілік тіл.
Тіл мемелекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір — қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз – тәуелсіздік, егемендіксіз – тіл болмақ емес. Тіл тәуелсіздіктің қуаты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемелекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде», — деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш – жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды.
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, яғни қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Осы тұста Елбасының «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», — деген ұлағатты сөзін ескермей кету мүмкін емес. Тәуелсіздік алғалы бері тіл саясаты жүргізілуде. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс – шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижелері де аз емес. Осындай іс – шараларға өз үлесімді қосу мақсатымда төл шығармамды тарту етемін
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Олар үшін бұл күн өте ерекше. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады
Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап, мәз болған.
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.
Шыбын-шіркей қаға ма,
Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада,
Сыңар аяқ, ақ қабақ.
Елік ертіп лағын,
Еңкейеді суатқа.
Елендетіп құлағын,
Тыншымайды бірақта.
Көкқұтандар көлбеңдеп,
Көтерле алмайды.
Жалғыз-жалғыз ербеңдеп,
Көк қояндар заулайды.
Мұздай суын атқылап,
Ақ бастаулар қайнаған.
Тана-торпақ шапқылап,
Оқыранып, ойнаған.
...Тамаша еді жазғы орман:
Тамашалап, мәз болғам,
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!..
Объяснение:
Ақын туған жерінің суретін бейнелеуде, оны әсемдікпен жеткізуде ешкімге ұқсамайтын, ешбір ақынның өлең тармақтарында жолықпайтын өзіндік өрнек таныта, өзгеше поэтикалық әлем аша жырлайды. Адам жаны жай тауып, рахатқа бөленетін табиғат аясында туып-өскен, көк майсасының алабөтен жұпарын сезіп, төбе-белдерінде еркін шапқан әрбір ақынның сол тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Туған жерді, оның әдемі табиғатын жырлау, оны жүрек төріндегі орнын көрсету – қадірін түсіне білер ақынның перзенттік парызы. Қазақ даласының табиғатын Мұқағали пәк, таза күйінде көргісі келеді. Адам мен табиғатты ол тұтастықта таниды. Табиғат та адам сияқты кейде көңілді, кейде мұңды.
Ақынның бұл өлеңінен – Қарасазына деген ұлы сезімнің, жан баласы түсінгісіз сағыныш пен көңілдегі өксіктің анық бейнесін байқай аламыз. Балауса кездегі адалдығынан айнымаған аңқылдақ баланың жүрегінде сақталған тазалық.
Адам назарын аударатын және оның тіршілігімен етене байланысты табиғаттың тылсым құпия сыры көп екенін білеміз. Адамзат жаралғалы, тіпті одан да бұрын жаратылған заңғар, биік таулар мен шалқыған айдынды көлдер, ширатылған ағынды сулар мен өзендер қай заманда да, қай уақытта да ақын қиялын тербеткен, жан сарайын нұрландырған.