Біздің еліміздің табағаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады, Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты. Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт.
Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанамын!
Қазіргі уақытта қалаларда мәселелер көп. Оның ең басты себептерінің бірі ауаның ластануы . Оны шешу өте қиын. Бірақ мүмкін емес деген сөз емес . Ол мәселені шешу жолдары бар . Олар : көліктің түтінін шығармау . Ол дегеніміз экологиялық таза көлік тұтыну . Ондай мүмкіндік қазір жоқ болғанымен , болашақта күтіліп отыр.
Және қаланы ластайтын негізгі зат ол мұнай компаниялары . Олар ауаны ластайды онысымен қоймай теңіздерді де ластайды . Бұл мәселені шешу жолы қиын . Өйткені қазіргі уақытта мұнай , газ адамдарға керек . Бірақ бұл мәселені де шешуге болады. Не арқылы десеңіз баламалы энергия көздері арқылы .
Ол энергия көздері бізге ешқандай зиян келтірмейді. Сондықтан мен сол энергия алу жолдарын құптаймын .