М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
rahim55
rahim55
31.10.2022 21:32 •  Қазақ тiлi

Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланды. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өрі, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын айтады. Қолөнердің қай түрі болса да, халықтың тұрмыс қажетінен туындайды. Қазақ халқының көшпелі өмірі мал өсірумен тығыз байланысты. Сол кезден-ақ халқымыз олардың сүті мен етін тамаққа, ал терісін киім- кешекке, төсенішке пайдаланды. Сүйегінен түрлі бұйымдар жасады.
Қазақ шеберлері тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металды өңдеу сияқты ауыр кәсіппен де айналысқан. Халықтың қолөнеріне аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері өз қолдарымен жасады. Қолөнер «еркектерге тән іс» және «әйелдерге тән іс» деп бөлінген. Тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеуді ер адамдар атқарған. Ал кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, киім тігу сияқты жұмыстарды әйелдер атқарған.
Қазақ қолөнері әсіресе 18-19 ғасырда өзінің шырқау шегіне жетті. Әсіресе, жүннен жасалған ашық түсті текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасылды түскиіздер, гүлді кілемдер, қошқар мүйізді алашалар, тоқылған сандыққаптар, аяққаптар, ұлттық киімдердің сан түрлісі, әшекейлердің әдемілігі көз қызықтырған.
Қазақ халқының қолөнерінің самғау шыңы – зергерлік өнер. Ол - халық дүниетанымы мен материалды мәдениетінің маңызды бөлігі. Халық салт-дәстүрімен тығыз байланысты зергерлік өнер туындылары адамның заттық және рухани әлемі туралы ақпаратқа ие. Солар арқылы иесінің жас ерекшеліктері мен әлеуметтік дәрежесін анықтаған, өмірлік кезеңдерінің әдет-ғұрыптарында маңызды рөл атқарған. Қазақ зергерлері көбінесе күміспен жұмыс жасаған, сол сияқты күміс қазақ халқының мәдениетінде ерекше орынға ие болған. Күмісті пайдаланды, себебі оның емдік және тазартқыш қасиеттері халыққа белгілі. Қазақтар әлі күнге дейін бала 40 күнге толғандағы суға шомылдыру дәстүрін сақтап жүр. Әдетте баланы күміс әшекейлер мен тиындар салынған суға шомылдырады, бұл дәстүрді «шілде су» деп атайды. Сол арқылы балаға күмістей жарқын әрі бақытты өмір тілейді. Кейін балалары мен немерелерінің денсаулығы мықты болсын деп, рәсімге қатысқан барлық әйелдерге әшекейлер таратылады. Сонымен қатар қолына күміс жүзік пен білезік таққан әйелдің жасаған тамағы таза және пайдалы болады деп сенген. Көптеген қазақ әшекейлерінің атаулары адам денесі мүшелері атауынан шыққан. Мысалы, «шекелік» – шеке сөзінен, «білезік» – білек сөзінен, «белдік» – бел сөзінен, «өңіржиек» – өңір сөзінен шыққан.
Қазақ халқының қолөнері - ұрпаққа қалдырған өшпес мұра, оларға сыйлаған көркемдік әлемі, эстетикалық тәрбиесі болып қала бермек.

2. Мәтінге жоспар құрыңыз.
3. Жоспарыңызға сәйкес қысқаша әңгімелеп беріңіз.
4. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып (2 салалас, 2 сабақтас), түрін анықтаңыз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
22031982golub
22031982golub
31.10.2022
Зат есім- имена существительные,
делятся также на производные (туынды), образуются при суффиксов:
-шы, -ші образуют существительные, профессию человека: жазу (писать) - жазушы (писатель), сурет (рисунок) - суретші (художник), етік (сапоги) - етікші (сапожник), балық (рыба) - балықшы (рыбак), үгіт (агитация) - үгітші (агитатор).
-ша, -ше, мысалы: кітап (книга) - кітапша (книжка).
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік образуются существительными, обозначающие отвлеченные понятия: бала (ребенок) - балалық (детство), дос (друг) - достық (дружба), батыр (герой) - батырлық (мужество, геройство), бай (богатый) - байлық (богатство).
-хана, образует существительные, указывающие на названия учреждений: ас (пища) - асхана (столовая), дәріс (лекция) - дәрісхана (лекционный зал), ем (лечение) - емхана (поликлиника), дәрі (лекарство) - дәріхана (аптека), кітап (книга) - кітапхана (библиотека).

Зат есімдердің көптік жалғауы – Множественное число существительных.
Множественное число существительных в казахском языке образуется при окончаний -лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер. Например: бала-лар - дети, қалам-дар - ручки, жігіт-тер - джигиты.
Чередование гласных в окончаниях определяется правилами сингармонизма: если последний слог слова - твердый, то прибавляются суффиксы -лар, -дар, -тар. Например: ана-лар, қыз-дар, жас-тар.
Если последний слог слова - мягкий, то прибавляются суффиксы -лер, -дер, -тер. Например: әке-лер, тіл-дер, жігіт-тер. 
Чередование согласных в суффиксах множественного числа определяется законами прогрессивной ассимиляции.
4,8(78 оценок)
Ответ:
траппер
траппер
31.10.2022
Марат  сен Қарағанды Қазақстан телеарнасын қарайсың ба?
-Аслан  ол  қандай телеарна?
-Қар.Қаз  .Телеарнасы алғашқы рет 1958 жылы Шахтерлер күніне эфирге шықты,ал 1963 жылы  Қарағанды    телевизиясының бағдарламасы Республикалық арна бойынша алғаш рет көрсетілді
-Қар. Қаз телеарнасы қай тілде өтеді?
-Қар .Қаз Телеарнасы    26 өзіндік хабары қазақ және орыс тілдерінде эфирге шығады.Тәулігіне 14 сағат хабар таратады. Мұның 50 пайызы өз өнімдері. Көрермендермен сұрақ-жауап жүргізгенде олардың 94 пайызы «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасына үлкен сенім артты.
-Аслан енді мен осы телеарнаны қарасам деп отырмын,сен мені өте қызықтырдың
4,4(5 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ