«Көне қалалар тарихы»
Қазақстанның ежелгі қалалары жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елді мекендері орналасқан. Шарапқа – Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж, Абараж – керуен сарайлары іспетті. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қаласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қаласының орнында болған.
Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмілеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.
Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық кадір-касиетінің қүрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікірімен де санасады. Мысалы, тегі мен атын өзгерткенде, бала асырап алғанда немесе оның кажеттігі болмағанда ескеріледі.
3 нұсқа!
Объяснение:
Себебі Нұр сұлтан қаласын мәдени түрде сипаттап айтып тұр.