М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
канапушка167
канапушка167
14.11.2022 15:55 •  Қазақ тiлi

3 D модель ұғымын қалай түсінесіз​

👇
Ответ:
nastyhca2005
nastyhca2005
14.11.2022

Достар – бір-біріне ұқсас жандар. Бір-бірін толықтыратын, бір-бірінің кемшілігін жауып тұратын адамдар. Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады. Ойы мен санасы бір, көзқарасы мен пікірі ортақ жандар да бір-бірімен дос болуға бейім келеді. «Дос – көңілдің күмбезі» деп айтылатыны содан. Орыс халқында «досыңды әкеп көрсет, сонда сенің кім екеніңді айтамын» деген нақыл бар. Яғни, көңілі мен пейілі ортақ жандар ғана бір-бірімен дос бола алады. Олардың қызығушылығы да, ойы да бір. Соның арқасында жолдас, туыстас болып кетті. Мұны халқымыз «екі жақсы қосылса, өле-өлгенше дос болады» деп бір ауыз сөзбен жеткізген.

Дос, әсіресе, қиындықта сыналады. «Жаман дос жауыңмен бірге шабады» дейді халқымыз. Жаман дос – көлеңке дейді, яғни, басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмай қаласың. «Біреу жаныңа жолдас, біреуі малыңда жолдас» дейді. Біреулер мал-дүниең мен қолыңда бар нәрсе қарап, дос болады. Мұндай достық ұзаққа бармасы анық. Ал шынайы жаныңа дос болатын адамның достығы да, бауырмалдығы да өміршең. Сыналар кезде, сыналады. Шыңдалар кезде, шыңдалады.

Адам достықты іздей бермей, өзі де дос бола білуі қажет. «Жолдасын тастаған жолда қалады» дейді. Немесе «күлме досыңа, келер басыңа» деп қысқа қайырсақ та болады. Досқа күлгенің – оның арына тигенің, оған сатқындық жасағаның. Досыңды сатқан күн әйтеу бір уақытта айналып өз басыңа келеді. «Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа» дейді халқымыз.

Бұл өмірде туған-туыспен, дос-жаранмен тату-тәтті, ұйымшыл, бір болғаннан артық қандай бақыт бар? Әрдайым туған-туысыңа да, достарыңа да қол ұшын беріп, көмектесіп жүрсең, өзің де елдің алдында абыройлы, беделді боласың. Сөйтіп досың да көбейеді. Досқа деген пейілің жақсы, көңілің күмбез болса, досыңа дос қосылары хақ. 

Объяснение:

4,4(78 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
gulim160104
gulim160104
14.11.2022
Мен кезекші болсам

Әр адам өз сыныбындағы міндеттерді толық атқарып,оған жауапкершілікпен қарау керек.Сыныпта әр апта сайын кезекшілік атқарамыз.Барлығы өз істерін тиянақты орындауға тырысады.мен де кезекшілікке салғырт қарамау керек деп ойлаймын.Егер де мен кезекші болсам,өз міндеттерімді ерте орындауға және қоңырау кезінде барлық істерді тындыруға тырысар едім.сынптағы тақталарды сүртіп,гүлдерді суарып ғана қоймай мектеп асханасына да көмек беруші едім.Кезекшілік бұл өте жауапты әрі тиянақты адамның жұмысы.Сол себепті де мен кезекші болсам өз шаруамды ертерек жасауға тырысамын.Сол кезде сыныпта тазалық сақталады және мен де өз ісімді оңай бітіремін.
4,8(64 оценок)
Ответ:
Unikorn111
Unikorn111
14.11.2022

Алматының символы.

Қазақ жерінің, оның ішінде Алматының сәні, символ, Жетісудың ең төл жемісі атанған ол – апорт алмасы. Оның көздің жауын алатын қызыл-жасыл түрі, тілді үйіретін тамаша дәмі мен жансарайыңды ашатын ғажап иісі керемет.  Бір сөзбен айтар болсақ , апорт – алмалардың патшасы екен. Осы апортқа тең келетін алма бұрын да, қазір де әлемдік ассортиментте бірде-бір сорт жоқ, оның орнын ешқандай алма сорты толтыра алмайтыны анық.

Алмалардың патшасы  апортты айтсаңызшы, шіркін! Көлемі тостағандай болып, кейбіреуі 500-600 грамм тартқан. Құжаттарға сүйенсек, ертеде 1200 грамдық ғажайып апорт  алмалары болған екен. Оның көз жауын алатын қызыл-жасыл түрлері, тілді үйіретін ерекше, тамаша  дәмі мен жансарайыңды ашатын ғажап иісі керемет екен. Апорт алмасы басқа алмалардан мың есе артық, ерекше болған.. Оған тең келетін алма қазір де, бұрын да болмаған. Оның орнын ешқандай алма сорты толтыра алмайды. Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстандық жол» дегенөзінің  кітабында апорт бір кезде Алматының сәні болған деп сипаттайды. Халықпен кездесулерінде Президент апортты қазақстандықтардың ұлттық мақтанышы, ол экспорттық тауар болуға тиіс деп айтқан екен. Бірақ, соңғы жылдары апорттың азаю үдерістері байқалуда. Жемісі уақталып, түрі солғын тартып, дәмі мен иісінен түгелдей айырылған. Бұрынғы апорттардың түрі, түсі, пішіні де қазіргі кезде жоқтың қасы. Иісі мұрынды жаратын алмалар жанның рахаты еді. Енді қазір олар жоқ. Оның себебі неде? Біз осы атағы бүкіл әлемге мәлім болған, ұлттық мақтанышымызға айналған, Алматының символы, Жетісудың төл жемісі апортымызды жоғалтып алған жоқпыз ба? Оны қайтадан жаңғыртуға бола ма?

4,7(67 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ