Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойнша 1997 жылы темекіден 3 млн. адам көз жұмған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 млн.-ға жуық адам темекі шегеді екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді.
Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і бірітіндеп тұрақты шылымқорларға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.
Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр төзіміне көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын Рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады
1. Тасымалдауға болмайтын сөз
С) әке
2. Тек қана түбірден тұрған сөзді анықтаңыз
В) У
3. Тура мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Қара шаш
4) Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз
С) Ескі дос
5. Қағидалар сөзінің синонимін анықтаңыз
А) ұстанымдар
6. Антонимдерді табыңыз
А) Жоғалту - табу
7. Мақалдың баламасын анықтаңдар:
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
А) Где пища водится, там болезнь не заводится.
8. Тәуелдік жалғауын көрсет
Д) - м,- ым,- ім
9. Шығыс септіктің септеулуін табыңыз
С) кейін, соң, әрі, гөрі
10. Берілген сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз
Жақын жерде асхана бар ма?
А) сұраулы шылау арқылы
11. Сөйлемде берілген сан есімнің түрін ажырат
Күніне төрт рет тамақтанса, тіпті жақсы.
С) есептік сан есім
12. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің атқаратын қызметін анықтаңыз:
Қымыздың бұл түрлері қарттар мен балаларға беріледі.
Д) толықтауыш
13. Біріккен сөзді анықтаңыз
Сол - ақ екен, Мырзабай өкпелеп, аузын томпайтып, жатып қалды.
В) Мырзабай
14. Қос сөзді көрсетіңіз
Бұл – әрі жыл сайын қайталанып отыратын қыстық азық - түліктің мол қоры.
Д) азық - түліктің
15. Күшейткіш үстеуді табыңыз:
С) ең салқыны
16. Сын есімнің шырайларын атаңыз
Е) асырмалы, күшейтпелі
17.Үндестік заңына бағынбайтын сөз
Е) Қарағанды
18. Тәуелденген зат есімнің сұрағын анықтаңыз
Е) кімдерің?
19. Өткен шақты табыңыз
В) келгенмін
20. Сын есім тудыратын жұрнақты анықтаңыз:
А) - ды,- ді,- ты,- ті
Мысалы: әдеп + ті = әдепті