1)Вавилон империясын құрып, кейін қай клдің атағын шығарған?(вавилон)
2)Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген кімнің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған( Навуходоносор ІІ-нің)
3)Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне не төгіледі,?(қалың құнарлы топырақ)
4)Қалың өскен өсімдіктер әлемі оның есіне қай қаланың көк шалғын төбелерін есіне түсіретін болған?( Мидияның (қазіргі Иран)
5)Ағаштар көлеңке және ылғалды сақтау үшін бір-біріне жақын егілген. Олар:қандай ағаштар? Олар кипарис, қарағаш, самырсын, емен, ақ үйеңкі, үйеңкі және т.б.
Объяснение:
осы жетеме?5-сұрақ.
Алатау — Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан
Заттың түрін, түсін, сапасын, белгісін білдіретін сөз табын сын есім дейміз. Мысалы: қызық (кітап), өнерлі (адам), жақсы (хабар), бойшаң (бала).
Сын есім қандай? қай? деген сұрактарға жауап беріп, сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы: Қызық кітап оқыдым.
Сын есім етістіктің алдынан тіркесіп, пысықтауыш болады. Мысалы: Ол жақсы оқып, жақсы жүреді.
Сын есім сөйлемнің баяндауышы да болады. Мен үлкенмін, сен кішісің.
Тұлғасына қарай сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі сын есім: қызыл, кәрі, жұмыр, сары, күрең, нашар, сұр, үлкен.
Туынды сын есім: ұялшақ, үлгілі, әсемпаз, өнерлі, күзгі, таулы.
Туынды сын есім сын есім тудырушы жұрнақтар арқылы жасалады.
САПА СЫНЫ МЕН ҚАТЫСТЫҚ СЫН
Шырай арқылы түрлене алатын сын есімнің түрін сапа сын дейміз. Мысалы: жақсырақ, көңілдірек, өте көңілді, жап-жасыл, сарылау, бозаң, үп-үлкен.
Шырай арқылы түрлене алмайтын сын есімнің түрін қатыстық сын дейміз: қалталты, көйлексіз, күзгі, байпақшаң, қалалық (комитет).
ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ СЫН ЕСІМДЕР
Сын есім заттың сындық сапасын бір сөз арқылы да, көп сөз арқылы да білдіреді. Мысалы: үлкен, нашар, жасыл, тар, әдемі, кіші, қара күрең, үлкенді-кішілі, сары ала, қара тонды.
Күрделі сын есімдер бір лексикалық мағынада, бір сөйлемнің мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: Бөлмеге жуантықтау орта жасты, жирен шабдар әйел кірді (С. М.).
Күрделі сын есімдердің жасалуы мынадай:
1) Негізгі сын есімдердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: қара ала, ақ шабдар.
2) Негізгі сын мен туынды сынның тіркесі арқылы жасалады. Мысалы: көк көйлекті, қара қалпақты.
3) Сын есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: үлкенді-кішілі, ақтылы-қаралы, үлкен-үлкен,
жақсы-жақсы.
4) Тұрақты тіркестер арқылы жасалады. Мысалы: тонның ішкі бауындай.
СЫН ЕСІМНІҢ ЗАТТАНУЫ (СУБСТАНТИВТЕНУІ)
Сын есім өзінін сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да ие болып колданыла алады. М ы с а л ы: күштімен алыспа, үлкенді сыйла.
Мұндай сын есімдерді заттанған сын есімдер дейміз. Заттанған сын есімдер әдетте өзі қатысты заттың орнына жұмсалады. Мысалы: Үлкен адамды сыйла — ҮлкендІ сыйла.
СЫН ЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛАРЫ
Заттың сындық сапасының басқа заттан артық-кемдігін білдіретін сын есім мағынасын шырай дейміз. Қазақ тілінде 2 түрлі шырай бар: 1) салыстырмалы шырай, 2). күшейтпелІ шырай.