Менің арманымдағы мектепте, оқушының жеке шкафына электронды құлып орнатылған, ол саусақ іздерінің көмегімен ғана ашылуы керек. Сөмке ұстаудың қажеті жоқ, оқулықтардың орнына әр оқушының жеке дербес компьютері болады. Барлық сыныптар қажетті құрылғылармен жабдықталған, кең және жарық болуы керек. Физика және химия кабинеттері, тәжірибе жүргізуге арналған бөлмелермен қамтамасыз етіледі. Оқу процесі оңай және қызықты өтеді. Бұл үшін ең заманауи технологиялар қолданылады. Спорт залына келетін болсақ, бұл жерде – оқушылар мен мұғалімдер сәнді тренажерлерде жаттыға алады. Жаттығудан кейін бассейнге немесе душқа түсуге мүмкіндік бар. Ал қыста шаңғы мен коньки тебуге болады. Барлығы салауатты өмір салты үшін жасалған! Ұстаздардың барлығы жоғары жалақы алатын, өз кәсібін сүйетін және білімді мамандар. Ал оқушылар – терең ойланатын, үнемі ақпарат іздейтін және ғылыми жаңалықтарды ашуға ұмтылатын азаматтар болады деп ойлаймын. Міне, болашақтың мектебін мен осылай елестетемін.
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ
Қазақтың ақыны, ағартушы-демократы Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893–1920) - 28 қазанда Көкшетау облысы, Қызылту ауданында туған. 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады.
1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады.