X

Материалды жүктеу
Материалдың толық нұсқасы
«Отаным -тағдырым»
Кім –кімге де болсын,кіндік қаны тамған, туған жердің топырағына жететін ,Отанына деген ыстық ықыласы ,көзқарасы ерекше болатыны анық. «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас» демекші ,жүрегі қазақ деп соғар әрбір азамат пен азаматша өз Отанын сүюге міндетті.Сүйіп қана қоймай,оның дамуына сүбелі үлес қосуға, рухани жаңғыруына, әлеуметтік және экономикалық жағынан да ілгерілуге біршама нақты қадамдар болғаны жөн.Елдің мүддесін ойлап, халықтың қамын жеген ,елін сүген елбасымыз елімізге деген стратегиялары ,нақты қадамдары мен міндеттеген бұйрықтары ,шығарған заңнамалары барлығы дерлік Отанға деген сүйіспеншіліктен деп білем.Отан – отбасынан басталатыны анық.Сол бір отбасыны бір адам басқара алатыны бесенеден белгілі,ал бір Отанды,бір мемлекетті басқару кім-кімнің де қолынан келмейтіні тағы бар.Сүйікті елемізді осындай азаматқа тапсырғанымыз, бүгінде бәріміздің көңіліміздің тоқ екенінің дәлелі.Тырнақтап жинаған абыройымыз еліміздің дамыған елдер қатарына қосылуы,аз ғана уақыт шамасындаа Қазақ елін тануы, бұл біздің ілгерілеп жылжуымызды білдіреді. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуда. «Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» деген қағиданы ұстанып,ел бірлігін,татулығын ,бейбітшілігін ,көп ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп отырған қазақ елінің мәңгілік болуын мақсат еткен.Біздің Қазақстан –көп ұлтты мемлекет.Бейбітшілік пен достықты, татулықта бірге жұмыла отырып ,қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар,өзбектер,татарлар мен немістер, украиндар мен кәрістер және т.б еңбектенуде.Бұл қазақ жерінің жомарттылығын, осындай ақкөңілділігін байқап отырмыз.Сондықтан, татулық-болашақта гүлденуіміздің маңызыд талабы.
Менің отбасым
Менің отбасым өте үлкен. Біздің үйде атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым және мен бәріміз бірге тұрамыз.
Атам мен әжем зейнеткерлер. Зейнетке дейін атам мал дәрігері, ал әжем есепші болып жұмыс істеген.
Әкемнің аты - Олжас, жасы қырықта, қаржыгер болып жұмыс істейді. Анамның аты - Алуа, жасы отыз сегізде. Анам ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді.
Ағамның аты - Сабыржан, жасы жиырмада. Сабыржан университетте білім алуда, болашақ заңгер. Мен мектепте оқимын, жасым он төртте. Қарындасымның есімі Аяужан, ол үшінші сыныпты оқиды.
Біз отбасы болып демалғанды ұнатамыз. Демалыс күндері ауа райына байланысты не серуенге шығамыз, не бәріміз ойын ойнаймыз. Ата - анамыз бізді салауатты өмір салтына сай тәрбиелеуде.Бәріміз де спорттың әр түрімен айналысамыз. Ағам бокспен шұғылданса, мен жеңіл атлетика үйірмесіне қатысамын, ал қарындасым жеңіл атлетика үйірмесіне қатысады.
«Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе, біздің үйге келіп, ат басын тірейді. Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!