Тарихшы Хангелді Әбжанов мырза мақаласында «Елбасымыз ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – «Мәңгі ел» тұжырымдамалық идеологемасының жаңа әлемдегі, жаңа тарихи дәуірдегі заңды жалғасы» деп есептейді
Мәңгілік ұғым-түсінігі – барша адамзатқа ортақ қазына. Оның негізінде саналы-санасыз тіршілік иесінің өмірге, қоршаған ортаны игеруге құштарлығы жатыр. Мәңгілікке ұмтылған арман-мақсаттың нышанына, ескерткішіне Египет пирамидаларын, мәңгі қала Рим тәмсілін, суға батпайтын, отқа жанбайтын батырлар жайлы тарихқа дейінгі аңыз-ертегілерді жатқызуға болады. Біздің пайымдауымызша, әлемдік және дәстүрлі діндердің бастау-бұлағында да мәңгілікті бейнелейтін т тұр. Оның есімі – Тәңірі, Құдай, Алла, Бог, т.б.
Демек, байырғы түркі қоғамында дүниеге келген қысқа да нұсқа «Мәңгі Ел» ұстанымы, біріншіден, арғы бабаларымыздың адамзат өркениетіне, оның ақыл-ой қазынасына қосқан айрықша интеллектуалдық үлесін айшықтаса, екіншіден, адамдардың әрқайсының һәм баршасының мүддесін, әрекетін, ұрпағының сабақтастығы мен жалғастығын жарасымды үйлестіруге септесетін әмбебап формуласы. Үшіншіден, осынау кемел пайым-тұжырым қазақ жерінен, Ұлы Дала елінен ешқашан табан аударған емес. Ол Қорқыттың ажалдан қашқанынан тартып ақын Ж. Молдағалиевтің: «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген өлең жолдарымен санамызға шегеленген. XVIII ғасырда Әбілқайыр ханның: «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақыр заман келгенше қазақ халқы бұл жерден ешқашан айырылмайды», ХХ ғасырда Ә. Бөкейханның: «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ» дегенінен де мәңгілікке нық сенім еседі.
2014 жылдың басында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» деп жариялады. Осылайша кемел келешекке байсалды қадамдар жасау үстіндегі тәуелсіз Қазақстанның көздеген заманауи мақсат-мұраты артта қалған ғасырлар құндылығымен сабақтасып, жалғасып жатқаны, біз Еуразия түркілерінің қара шаңырағын ұстап қалған мұрагері болып табылатынымыз ресми дәйектелді.
Байырғы түркілерден жеткен «Мәңгі Ел» ұғым-түсінігінің мәні мен мазмұнын анықтап алу бүгінгі және болашақтағы ғылыми танымның нәтижесін дәйектеу бағытындағы бірінші қадам болып табылады. Біздің ойымызша, Күлтегін, Тоныкөк, олардың үлкен-кіші замандастары «Мәңгі Елді» идея ретінде де, манифест ретінде де тасқа басқан жоқ. Бұл ұғым-түсінікке халық пен тұлғаның, билік пен мемлекеттің пайда болғаннан соңғы демі таусылғанға дейінгі тағдыр-тәлейін сиғызды. Жарық дүниені қамтуы жағынан идеядан да, манифестен де әлдеқайда ауқымды. Өйткені идея дүниетанымның, ғылыми, көркем, т.б.с.с. ақыл-ойдың сүйенетін іргетасы, тірегі болса, манифистің мәнін жоғары билік немесе танымал күш тарапынан жарияланған бағдарламалық мәлімдеме құрайды. Орхон мұраларынан бұл екеуінің де белгілерін көруге болады. Дегенмен «Мәңгі Ел» сөзтіркесін бірінші кезекте тұжырымдама (концепция) мәртебесімен қабылдағанымыз жөн деп білемін. VIII ғасыр тұрғысынан келгенде, концепция дегеніміз - уақыт пен кеңістікке, үдеріс пен құбылысқа, бар мен жоққа, көк аспанның астындағы, қара жердің үстіндегі тыныс-тіршілікке тұтас көзқарас жүйесі.
Осы тұтас көзқарас жүйесі, құрамдас бөліктерінің бәрінің мәні бір ауыз «Мәңгі Ел» сөзіне сыйғызылған. «Мәңгі ел» тұжырымдамасы дүниеге келген VІІІ ғасырда байырғы түркілер саяси, экономикалық, әлеуметтік, өркениеттік дамудың биік шыңына көтерілген еді. Бұған Күлтегін тасындағы: «Тәңірі жарылқап, құтым бар үшін, нәсібім бар үшін өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Ығыр (болған) елдікті, ығыр (болған) қағандықты игі қылдым. Төрт тараптағы халықты бағындырып, бейбіт қылдым. Жаусыз қылдым. Бағынып менің қоластыма кірді. Ісін-күшін берді. Осындай төрді басқарып інім Күлтегін өзі бұл дүниеден өтті» деген жолдар айғақ-дәлел бола алады. Империялық шалқыған көңіл 753 жылы орнатылған Тариат (Теркін) мәтінінде де тұр. Онда: «Алдыңғы күн шығыстың [елі], одан соң ай туар жақтың халқы, [дүниенің] төрт бұрышының халқы күш-қуатын берер, [ойы] бөлек жауым болмады. Жайлар жайлауым, егін алқабым сегіз Селеңгі, Орхон, Тоғла суы (дария бойы), Телдү, Қарға, Борғу ол жерлермен, сулармен көшіп-қонып жүрдім» делінген екен. Осындай пайым-тұжырымды Тоныкөк тасындағы жазудан да оқуға болады: «Бұл түрік халқына жарақты жау келтірмедім. Шұбырған аттыларды жүргізбедім. Елтеріс қаған иелік етпесе, оған еріп мен өзім иелік етпесем, ел де, халық та жойылар еді. Иелік еткендіктен, қасиетті еліме иелік еткендігім үшін, ел де ел болды, халық та халық болды».
Сонымен, тағдыр анықтағыш ұлы идеологема геосаяси факторлардың мемлекет мұратына жегілген немесе дөп келген дәуірінде, халықтың әл-ауқаты жоғары ортада, елішілік бірлік пен татулықтың салтанат құруымен түзілді. Өз кезегінде ұлттық қауіпсіздігі бекем, сыртқы саясаты мен халықаралық байланыстары көрегендікке, парасатқа жүгінген, әскері сақадай сай мемлекетте оның қоғамға, мемлекетке, азаматтарға қуат беруші артықшылығы да, мүмкіншілігі де зорая түседі екен.
«
«Ғылым таппай мақтанба...» — Абайдың 1886 ж. жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, кеңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бүл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз. 1909 жылғы жинақ пен 1922 ж. Қазанда жарық көрген басылымдарда бұл шығарманың кейінгі жылдарда бөлек туынды саналып жүрген «Интернатта оқып жүр...» дейтін өлеңге қосылып, біртүтас шығарма болып келетіні де тегін болмаса керек. Қазақ жастарын білім-ғылым үйренуге шақыру - «Интернатта оқып жүр» өлеңінде де ең өзекті идея. Мұнда ақын еңбексіз, ықылас-ынтасыз, мехнатсыз нағыз ғылым-білім қолға түспейді дей келіп, одан ары бірден негізгі ой желісін үздіксіз өрбітіп, оқудағы мақсат не, алған білімді не қажетке жұмсау керек, не істеу, қандай қызмет атқарған жөн болады деген мәселелер төңірегінде сез қозғайды. Ал мына өлеңдегі:
Объяснение:
Объяснение:
проверено в онлаин мектеп