«Қазіргі жастар бос уақытын қалай өткізеді?» тақырыбына диалог құрастыру.
Данагүл: Алтынай, ертең сабақтан соң дүкен араласақ, қалай қарайсың? Бос уақытың бар ма?
Алтынай: Бос уақытым бар да, жоқ та десем болады.
Данагүл: Қалай сонда?
Алтынай: Негізі бос уақытым бар. Бірақ мен сабақтан бос уақытымды өзімнің сүйікті хоббиіме арнағанды ұнатамын. Сондықтан да «бос уақытым жоқ» десем де болады.
Данагүл: Сенің сүйікті хоббиің бар екенін білмеппін ...
Алтынай: Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады. Менің сүйікті хоббиім - сурет салу.
Данагүл: Сурет сала білген қандай керемет! Ал менің сурет салуға еш икемім жоқ ...
Алтынай: Сурет салумен мен үш жасымнан айналысамын. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барамын. Сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын. Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындаймын.
Данагүл: Алға қойған мақсатыңа жетуіңе тілектеспін! Онда дүкенді басқа күні аралайық. Мен де сүйікті хобби туралы ойланып көрмесем, әйтпесе мен бос уақытымның барлығын тек ғаламтор бетінде немесе дүкен аралаумен өткізеді екенмін...
Алтынай: Ия, қазіргі кезде көп құрбыларымызда "ғаламторға тәуелділік" пайда болған. Бұл денсаулыққа да кері әсерін тигізеді деп ойлаймын. Менің ойымша, уақытты тиімді пайдаланып, сүйікті іспен айналысқан дұрыс.
Данагүл: Сенімен толықтай келісемін. Оқушылар сарайына барып, үйірмелерді көріп қайтпасам...
Менің болашақ мамандығым.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Соңғы уақытта, мен өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып, толғанып жүрмін. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.