Қарамен белгіленген сөйлеу этикеті формасы не үшін қолданылған. - Сәлем, Арман! Қалың қалай? Мен саған Отырар қаласы туралы айтып берсем, қарсы болмайсың ба?
- Қайырлы күн, Әлім! Менің қалым жақсы. Сені жолықтырғаныма өте қуаныштымын. Әрине, маған өте қызықты болар еді.
Амандасу мақсатында
Көңіл-күйді көрсету мақсатында
Қоштасу мақсатында
Кешірім сұрау мақсатында
Артқа
Тексеру
Толығырақ... Алғашқы қоғамда ежелгі адамдар жартастарға, ағштарға, тастарға аңшылықтың , адамдардың кескіндерін бейнелеген.Мұндай суретті хаттарды ғалымдар пиктография деп атайды.Уақыт өте келе, суреттер сөз мағынасын білдірген түрлі белгілермен ауысты.Бірте-бірте ойлаудың дамуы символдардың артына сөз жасыруға алып келді.Осылайша жазу пайда болды. Ежелгі Египетте пиктографиялық суреттер сына жазуымен ауыстырылды.Египеттіктер жазу үшін ұғым ғана емес, дыбысты та білдіретін белгілерді пайдаланғандардың алғашқысы болды. Египеттіктерден бөлек, белгі-иероглифтерді қытайлықтар,олардан кейін , жапондар мен корейлер пайдалана бастады. Бірте-бірте жылдам жазу үшін, иероглифтер жеңілдетіліп, дыбыстар мен буындарды білдіретін белгілерге айнала бастады. Мұндай жазуды ертеректе шумерлер мен өзге халықтар да пайдаланды.Финикиялықтар буындарды білдіретін белгілерден бас тартып, жазу кезінде тек әріптерді ғана пайдаланды.Финикиялық жазу еуропалық халықтардың барлығының арғы тегі болған грек алфавитінің бастамасы болды. Ежелгі римдіктер де өз әліпбиіне латын жазуы гректікінен өзгеше болғанымен, грек жазбасын пайдаланды.Латынның әріптік жазуын Батыс еуропаның көп халқы сақтап қалды.Шығыс Еуропада негізінде грек алфавиті жатқан жазудың өзге үлгісі пайда болды.Алғаш болып Кирилл мен Мефодийдің жазу түрі пайда болды.Одан соң оның жетілдірген нұсқасы, әріптерді жазу формасымен ерекшеленетін кириллица шықты.Бұл әліпби оңтүстік, шығыс және батыс славяндарына таралды.1708 ж.Ресей императоры І Петрдің жарлығымен кириллица өзгеріске түсті.Оның жаңа нұсқасы орыс және украин әліпбилерінің негізінде қалған азаматтық қаріп атауын алды. Иероглифтер бізге қанша қиын көрінгенімен, көптеген азиялық халықтар оны пайдалануын доғарар емес. Ережеге сәйкес,иероглифтер әріптер емес, кана ұғымын білдіреді. Мысалы, Қытайда белгілердің жалпы саны 50мыңға жеткенімен, заманауи тілінде оның 4-7 мыңы қолданылады.Ертеден Қытайдағы, Жапониядағы , Кореядағы иероглиф жазуы жоғарыдан төмен қарай бағытталса, қазір көбінесе, солдан оңға қарай жазады. Қосымша... Ою-өрнекті есіңе салатын айқыш-ұйқыш араб жазуы латын және кирилл әліпбилермен ортақ түбірден тарайды дегенге сену қиын.Алайда, араб қарпінің де арғы тегі финикий жазуы болған.Араб әліпбиі 28 әріптен және түрлі қатар үсті, қатар асты белгілерден тұрады.Мәтін оңнан солға қарай оқылады.
Адамзат тарихындағы жазу төрт түрге бөлінеді:
Пиктографиялық жазуИдеографиялық жазуБуын жазуындаДыбыстық жазу