1.Синоним — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз. 2. Антоним — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық), сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу) т.б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, “Көз — қорқақ, қол — батыр“, “Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ“. Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды. 3.Омонимдер— шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер. 4. Мектепте орындықтар, парталар, кітаптар, сыныптар бар. 5. Мектепте қазақ тілі кабинеті бар, математика кабинеті бар, сурет салу кабинеті бар және тағы басқа пәндереге арналған кабинеттер бар. 6. Мұражайда өткен замандардын ыдыс-аяқ, ата-бабаларымыздың киімдер, олардың заттары бар. 7. Өмір – үлкен мектеп. Мектеп-кеме, білім-теңіз 8. Шеберханада оқушылар бұйымдар істейді. 9.Оқушылар асханада тамақ ішеді 10.Оқушылар кітапханада кітап алады немесе оқиды 11.Оқушылар спортзалда жүгіреді,секіреді, ойнайды 12.Менің мұғалімім өте жақсы адам
Ұлттық валюта теңге туралы диалог құрастыру.
Інісі: Әпке, сіз білесіз бе, біз сыныбымызбен ұлттық мұражайда өтіп жатқан теңге көрмесіне барып, сол жерде қойылған ақшаларды тамашалап қайттық?
Әпкесі: Бәрекелді. Қандай әсерде болдың?
Інісі: Маған бұл серуен өте қатты ұнады, еліміздің тарихына бір сәт үңіліп, алғашқы теңгелердің қандай болғанын өз көзімізбен көріп қайттық.
Әпкесі: Сонда теңге жайлы не біліп қайттың?
Інісі: Қазақстан тәуелсіздігін алғанына 2 жыл толмай жатып, 1993 жылы 15 қараша күні теңгені ресми түрде ақша айналымына енгізген екен.
Әпкесі: Ия, 15 қараша ұлттық валюта күні ғой...
Інісі: Теңгенің ең алғашқы дизайны қалам, калька және тушь арқылы салынған екен,себебі әрлеушілердің қолында бұдан басқа ешқандай құрылғы болмаған.
Әпкесі: Бұл жайлы естімеппін, әйтеуір алғашқы теңгелер шетелде басылып шығарылғанын естіп едім, қай мемлекетте екенін ұмытып тұрмын...
Інісі: Теңгенің бірінші топтамасы Лондонда басылып шығарылыпты.
Әпкесі: Ия, енді есіме түсті. Осы басылып шыққан теңгені елге жеткізу үшін ұшақтармен 20-ға жуық әуе сапары жасалған екен.
Інісі: Алғашында теңгемен қатар тиын да айналымда болған екен, сол алғашқы қағаз тиындарды көріп қайттық. Маған бұл көрме естен кетпес әсер қалдырды.