Эстрада әндері мен халық әндері.
Қазіргі таңда қазақ өнерінің сахнасында эстрада әндері мен халық әндері бірдей танымалдыққа ие болып отыр десем, қателеспеймін, себебі қандай жанр болмасын, әрқайсысының өзінің тыңдармандары бар. Эстрада әндері көбіне заман талабына сай өңделіп, бейнебаян түсіру арқылы танымал болса, халық әндері халық арасында кең тарап, көбіне жиын - тойларда айтылып, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Қазақ өнерінде музыкалық аспаптармен өнер көрсетіп жүрген өнерпаздар да аз емес. Бірақ солардың ішінде өнерімен, қазақи тәрбиесімен, әдемі даусымен көрерменнің ықыласына бөленіп, тыңдаушының жүрегіне жол таба білген ақ жарқын бірегей әнші Қарақат Әбілдина ерекшеленеді.
Әбілдина Қарақат - дәстүрлі қазақ әнін насихаттаушы, халық және эстрада әндерін орындаушы. Нартай Бекежанов мұрасын насихаттаушы және орындаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қарақат Әбілдина он саусағынан да бал тамған, бес аспап өнерпаз деуге де болады. Себебі ол домбырада шебер ойнаумен қатар, жетіген аспабын да бес саусақтай меңгерген, дәстүрлі әндермен қатар эстрадалық әндерді нақышына келтіріп орындайды.
бозоқ- ежелгі қалашық. Шамамен 8 ғасырда болған.Бозоқ жергілікті билеушінің орадасы саналған. Әлмисақтан сыр жеткізген,сар даланың сарыны сақталған Бозоқта орта ғасырдағы ежелгі қазақтың жұрты жатыр. Қала үш бөліктен тұрады. Кварталдың биіктеу келген орталық бөлігінде минареттің қалдығы мен 3-4 мазар орны сақталған.Тұрғындары егіншілікпен айналысқан. Бозоқ діни-ғибадаттық шаралар өткізетін және адам аз тұратын далада жолаушылар мен сауда керуендеріне географиялық бағдар беретін орталық қызмегтін атқарған. хііі-хv ғасырларда қалашық орны қасиетті, киелі саналып, ақсүйектерді жерлейтін орынға айналды. Бозоқ адамдардың рухани өмірінде де ерекше маңызға ие болған. Мұсылмандардың арасында киелі орын саналып, бұл жерде құлшылфқ етіп, әруақтарды еске алып, ас берілетін болды. Ұлттық ойындар ойналып, жарыстар өткізіліп тұрды. Сонымен қатар жолаушылар мен керуендер демалып, түнейтін орынға айналды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, Сарыарқаның төсімен жарыса ағатын қос өзен- Нұра мен Есіл жағалауы ежелден-ақ далалықтардың құтты қонысы, қасиетті мекені болған.